Ұстазым,менің ұстазым! тақпақ
Ұстазым,менің ұстазым!
Ұстаз жолы ұлы жол
Қиын да,қызық белесті
Сан мың шәкірт тәрбиелеп
Ұшырар қанша баласын
Ұстазым,менің ұстазым !
Өзіңдей ұлы тұлғаға
Сүйсіне қарап ой түйіп,
Өзіңе арнап жыр жаздым.
Ұстазым,менің ұстазым!
Өзіңдей болсам не арман
Өзіңнен алған тәліммен
Жүріп өтсем не арман !
Ұстазым,менің ұстазым !
Алғысым шексіз өзіңе
Тілеймін саулық деніңе
Аяулы менің ұстазым!