Жіктеу есімдігінің септелуі

Сабақтың тақырыбы: Жіктеу есімдігінің септелуі.

Білімділігі: Оқушыларға жіктеу есімдіктерінің септелуін зат есімнің септелуімен салыстыра отырып меңгерту, жіктеу есімдігінің тілде атқаратын қызметін байқату, оқушыларды сөйлеу тәжірибелерінде саналы түрде қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушыларды қажет жағдайда зат есімдерд есімдктермен алмастырып қолдануға дағдыландыру, ой-өрісін , тілін дамыту, өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге , шыармашылыққа баулу.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды өз ана тілін сүюге , халқымыздың ұлағатты, ғибратты сөздерінен үлгі-өнеге алуға , сол арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптасуына ықпал ету.

Сабақтың түрі : Жарыс сабақ

Әдісі : Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, топтық, жұптық, өзіндік жұмыстар

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі материалдар, интер. тақта, дидақтикалық материалдар т.б.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

« Ыстық алақан » тренигі

Балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық. Бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтпекші, әр топ атсалысып, білімдеріңді көрсетуге тырысыңдар.

Топқа бөлу( стикер түстері арқылы)

1 топ :Мен

2 топ : Сен

3 топ: Сіз

4 топ: Ол

 

ІІ. Үй апсырмасын жұптық жұмыс арқылы  тексерту.

Өткенді « Абреватура » әдісі арқылы пысықтау.

( Оқушылар үйден дайындап келген ережелерін ортаға салу)

Жаңа сабақтың тақырыбын ребус шешу арқылы табу.

ІІІ. Жаңа сабақ: Жіктеу есімдігінің септелуі.

Жіктеу есімдіктері жекеше , көпше түрде жіктелуін үйрендік, енді бүгін сабақта жіктеу есімдігінің септелуін үйренеміз. Тақтаға назар аударайық.

Слайдта берілген мәтінді оқып, есімдіктерді табу, жіктеу есімдіктерінің қай септікте тұрғанын айту.Есімдіктердің түбірі қай сепікте тұрғанын айту.  Есімдіктер түбірі қай септіктерде өзгергенін айту. Мұқан мен Сәкенге мінездеме беру.

 

Оқулықпен жұмыс.

2 жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойып көшіріп жазу. Есімдіктердің қай септікте, қай жақта  тұрғанын айту.

3 жаттығу. Жақша ішіндегі сөздерді жіктеу есімдігімен ауыстырып , сөйлемдерді көшіріп жазу. Есімдіктерге жалғанған септік жалғауларының астын сызу.

Өзіндік жұмыс.

Жіктеу есімдіктерін теріп жазып, сұрақ қою және қай септікте тұрғанын айт.

Сергіту сәті.

( үлестірмелі қағаздарда берілген етістіктерді 3 жақта орыс, ағылшын тілдерінде жекеше, көпше түрде жіктеу)

Жұптық жұмыс.

Жақша ішіндегі мен тұлғасының қайсысы жікттеуесімдігі, қайсысы көмектес септік жалғауы екенін анықтап, жақшасын ашып жазу.

Ертегілер елінен хат алу.

Шығармашылық жұмыс.Топпен жұмыс

Нан ардақты адал ас,

Кәрі жас одан аттамас.

Ақ дастархан үстінде

Қол жумай оны ұстамас.

( Ө. Тұрманжанов)

Мен тобы: Өлеңнің мазмұны бойынша әңгімелеу.

Сен тобы: Өлеңнен есімдіктерді табады, қай септікте тұрғанын сұрақ қою арқылы анықтау.

Сіз тобы: « Дастархан көркі-нан» тақырыбында сурет салу.

Ол тобы: « Ас атасы-нан » тақырыбында шағын эссе жазу.

« Кубизм » әдісі арқылы қорытындылау.

-Есімдік дегеніміз не?

-Есімдіктің қандай түрлері бар?

-Жіктеу есімдіктерін ата.

-Мен жіктеу есімдігін сепеп бер.

-Біз есімдігін жатыс септігінде айт.

Ол есімдігін көмектес септігінде айт.

Топ басшыларының қорытынды балын тыңдау.

Үйге тапсырма: 5жаттығу.Жіктеу есімдіктеріне тиісті септк жалғауын жалғап, сөйлемдерді көшіріп жазу.

Оқушылардың білімін бағалау.

Кері байланыс

« Бес саусақ » әдісі