Жаңартылған білім беру бағдарламасы

 

«Жаңартылған  білім беру бағдарламасы»

      Бүгінгі басты бағыт бұл орайда орта білім беруді жүйелі жаңғырту жағдайында жұмыс істеуге дайындау арқылы мұғалімдерге жан-жақты қолдау көрсету болып табылады. Жаңартылған оқу бағдарламаларын сынақтан өткізу және ендіруді ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік қолдау, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесін тарату, жаңартылған білім беру мазмұны және жаңа оқу бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудың жаңа бағдарламаларын жасау, жаңартылған білім беру мазмұ­нын сынақтан өткізу және ен­діру мәселелері бойынша мұ­ға­лімдерге арналған конференция­лар мен оқыту семинарларын ұйымдастыру және өткізу Қазақ­станда инновациялық инфра­құрылымның жүйелі және бірізді дамуына мүмкіндік беретін инс­титуттың басты қағидатына айнал­ғанын тағы да қайталап атап өту ләзім.

Білім және ғылым министр­лігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №455 бұйрығына сәйкес жаңар­тылған білім беру мазмұнын қанат­қақты енгізу туралы шешім қабылданып, республикада 30 мектепке мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын қанатқақты енгізу және орта білім беру мазмұнын ішінара жаңарту 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бас­талды. Бұндай мектептер республикамыздың әр ай­мағында белгіленіп, оның өту барысы министрлік тарапынан қадағаланып отыр. Бұл қа­­натқақты мектептер жаңа стандартты сынақтан өткізу және республиканың барлық мек­тептеріне оны енгізудің сапалы өтуін қамтамасыз ету үшін экс­перименттік алаң болып табылады.

Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің функционалдық сауаттылығы – қазіргі білім беру­дегі жаңа және нақты жағдайға икемделу дегенді білдіреді. Пе­да­гогтарды бұл бағытта даяр­лау нәтижелі жүруде. Соның бірі соң­ғы 2-3 жыл көлемінде қо­ғамда пайда болған, шетелдік әріп­тестер үндеген «Facebook», «WhatsApp» тәрізді әлеуметтік желі бағ­дарламаларын қолдану педагог  үшін аса қиындық соқтыра қойған жоқ. Бұл – қуа­нышты жағдай. Әр жаңалықты бірінші кезекте жеке басына қолдануды меңгерген адам ғана оқушысына мазмұнды білім бере алады. Сондықтан, институтта оқытылатын барша курстардың вариативті модульдеріне смарт құрылғылардың, АКТ құрал­да­рының көмегімен жеке әлеу­меттік міндеттерін шешу жолда­рын үйрету жолға қойылды. Нәтижесінде мұғалім жеке уақы­тын, қаржысын үнемдеуге, заманауи технология­ны жеке басына пайдалана білуге үйренеді. Мұндай ұстаз пе­да­го­гикалық қызметіне де жаңа тех­нология­ны толыққанды қолдана білу дәре­жесіне көтеріледі.Құрамында мұғалім де, оқушы да бар осындай ізденуші топ «білім алушылар қауымдастығына» айналады. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың кілті осы қауымдастықтың қолында болмақ. Өз күшіңмен табылған білім, өз табандылығыңмен дәлел­денген шындық өміріңде пайдалы болатындығы сөзсіз екендігін талай ғұламалар айтып та кеткен.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында (17 қаңтар, 2014 жыл) белгіленген «орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тіл­дерін білуге тиіс, оларды оқыту нәти­жесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деген міндетін орындауда мұғалімдердің біліктілігі қашанда бірінші орынға шығады.Әлемдік білім беру үрдісіне негізделген жаңартылған білім беру мазмұнындағы жаңа курс­тардың, деңгейлік курстардың өткізілуіне байланысты қысқа мерзімді курстар өз маңызын жой­ған жоқ. Ол курс­тар аясында да жоғарыда айтылған міндеттер өз шешімін табуда.

Қорыта айтқанда, міндет ауыр, мақсат айқын. Отандық іс-тәжі­рибе негізінде әлемдік тә­­жірибедегі алдыңғы қатарлы идея­­ларды бас­шы­лыққа ала оты­рып, функционал­ды сауат­ты­лы­ғымызды арттыру үшін сыни тұр­ғыда ойлай алатын мұғалімдер және берген білімді дұрыс , сауатты қабылдай алатын оқушылар қа­тарын көбейт­сек, жақсы нәти­жеге же­тетініміз сөзсіз