Күш — бірлікте
Пәні: Өзін – өзі тану
Тақырыбы: Күш — бірлікте
Құндылық: Дұрыс әрекет, Қасиеттер: сыйластық, жауапкершілік
Мақсаты: «Бірлік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу және «достық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: · Бірлік туралы түсінік беру · Көпшіл болу іскерліктерін дамыту · Бір-біріне көмектесуге, бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу |
Ресурстар:
( материалдар, дереккөздер) Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, мақал – мәтелдер, ақ парақ, түрлі – түсті қаламдар |
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т — тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру. Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» 2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 59-60 беттердегі суретті салып келу. Оқушы дәптерін тексеру. |
|
3.Сабақтың дәйексөзі.
«Бірлік болмай, тірлік болмас». Халық мақлы Қыз балаларға бір бөлек, ұл балаларға бір бөлек, барлығына хормен айтқызу. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? |
|
4.Оқиға айту. ( мұғалім сыйы) «Ырыс алды — ынтымақ» аңыз әңгіме
|
|
5.Шығармашылық жұмыс. Жеке. Менің отбасым суретін салу | |
6.Топпен ән айту. «Елімізді сүйеміз»
Сөзі: Қ. Мырза Әли Әні: Д. Ботбаев Бал – бұл жанған гү шағында Біз Отанның ұланымыз. Бақытты елдің құшағында Білім алу ұранымыз. Қайырмасы: Біз өнерге, ұлы өмірге, Гүл өмірге иеміз. Көгімізді, көлімізді, Елімізді сүйеміз. Туған жерде аунап – қунар, Біз ұланбыз, өрімдейміз. Біз ұланбыз еңбекқұмар, Өнер десе ерінбейміз. Қайырмасы: Қуанышты әніміз де, Біз ұланбыз жоқ арманы. Біздер әлі бәріміз де Боламыз ел қаһарманы. Қайырмасы: |
|
7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 61 беттегі «Өмірлік сый» әңгімесін сахналап келу. Дәптермен жұмыс | |
8.Соңғы тыныштық сәті.
Тыныштық…Құлпырған дүниені сезіну,мақсаттарға жол салу,арман атты тұлпармен алыс-алыс жақтарға сапарлау,көңілдегі көлеңкені аппақ бұлттарға алмастыру,сезімге берілу,санадағы сансыз жағымсыз ойлардан арылу,т.с.с.міне,бір сәттік тыныштықтың құдіреті.Тыныштық сәтін сезініп,әсем әуенмен өздеріңді бақытты сезініңдер. |