Мен табиғатты бақылай аламын ба?

Пәні: Жаратылыстану
Сабақтың тақырыбы: Мен табиғатты бақылай аламын ба?

Мақсаты:  «Бақылау» ұғымын және оны өткізу кезеңдерін түсіну

 

Пікір алмасу сұрақтары.

Мына жануарларды бақылай отырып,адам не ойлап тапты?

Білімгеқұштарлық–адамбойындағы жақсы қасиетпе?

Бақылаушылар өздерінің сұрақтарына жауапты қалай табады?

Бақылаушының бойында қандай қасиеттер болуы тиіс?

Зертханада жұмыс жасағанда қандай ережелерді сақтау керек?
Олардың ішінде қайсыларын біз сақтауымыз қажет?

 «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмінен үзінді көру. Білімге құштарлық болмағанда – бізді қоршап тұрған заттардың көбі қазір болмаған болар еді деген түсінікті педагог балаларға қалыптастырады. Білу, сынау, ашу, жаңаны ойлап табуға талпыну – адамға тән қасиет оны балаларына тапсырып отырған.

(Ұ, Ө) Әліппе-дәптермен танысу: кейіпкерлермен, шартты белгілермен.

(Ұ, т) Әліппе-дәптер (1-тапсырма).

Педагог балалардың еске түсіру қабілеттеріне сүйене отырып, суреттерге қарап, сөздерден сұрақтар құру біліктерін жетілдіреді.

Мысалы, Жұлдыздар неге құлайды? Күн неге жарқырайды? Шөл далада құмнан қалай сақтануға болады? Кемпірқосақ қай кезде шығады? Аралар балды қалай жасайды? Қандай бұлттардан жаңбыр жауады? және т.б.

(Ұ, т) Өзекті мәселелер.

Жануарларды бақылай отырып, адамның не ойлап тапқаны жайында педа- гог балалардың ойланып жауап берулерін сұрайды.

Қорытынды жасай отырып, балалардың былай түсінуіне әкеледі: Нәтижесінде балаларда мынадай түсініктер қалыптасады:

бақылаушы – жаңа білімдер тудыратын адам;

тәжірибе – бұл заттарды, табиғи құбылыстарды тану және зерттеу тәсілі.

(Ұ) Динамикалық кідіріс. Өзекті мәселелер.

Педагог балаларға бақылаушылардың қалай жұмыс істейтіндігі жайын- да болжам жасауларын ұсынады, бақылау мен зертханалық жұмыс тура- лы түсінік береді. Балаларға қорытынды тұжырым жасауға көмектеседі: бақылаушылар қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерді бақылайды және тәжірибелер мен зертханалық жұмыстаржасайды.

Балалар зертханалық жұмыстарға арналған көп аспаптар тұрған бөлменің қалай аталатыны туралы болжамдар айтады.

(Пт, Ұ) Тәжірибе, зертханалық жұмыс.

Педагог балаларды зертханаға шақырады, онда олар бақылаудың қандай болатыны жайында ақпарат алады.

Тапсырма: жанды және жансыз табиғатты анықтаңдар.

Әліппе- дәптермен жұмыс (2-3-тапсырма).

Балаларға дәптердің айқарма бетінде жұмыс жасауды ұсыныңыз.

Қорытынды.