Тәуелсіздік-тұғырым

Тақырыбы:  «Тәуелсіздік-тұғырым»

Мақсаты: Балаларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың  байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Әнұран орындалады.
Балалар:     Тәуелсіз елдің тірегі

                     Біз боламыз жүрегі

                     Артқа қадам баспаймыз

                     Тек алға, алға бастаймыз

                     Қыран құстай қалықтап

                     Болашаққа бастаймыз.

-Балалар біз қай мемлекетте  тұрамыз?

-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? (дербес, еркін, тәуелсіз мемлекет)

-Қазақстан Республикасының Елбасы  кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

-Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала? (Астана)

Жарайсыңдар, балалар сендер сұрақтарға жауап бердіңдер. Ендеше бүгінгі «Тәуелсіздік-тұғырым» атты тәрбие сағатымыз 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналады.

Көрініс: «Әже мен немере»

Тәрбиеші: Әрине, тәуелсіздік ең басты құндылығымыз.Ата-бабаларымыз тәуелсіздікті үш ғасырға жуық уақыт бойы армандап кеткен. Тәуелсіздікке жету үшін халқымыздың басынан не өтпеді. Қаншама ерлеріміз халық қамы үшін қыршын болған. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді , талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашанда мойымады , күресе білді. Азаттық таңы ерте ме-кеш пе туатынына кәміл сенді.  Өткен тарих беттеріне үңілсек 1986жылы Дінмұхаммед Қонаев зейнеткерлікке шығып, орыс ұлты Геннади Кольбиннің үкімет басына келуі.  Орыс ұлтының үкімет басына келуіне студенттер наразы болып көтеріліске шығады. Сол аға-апаларымздың есімдері тарих бетінде қалған. Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұхамеджанова, Сәбира Асанова.Бұл кісілердің есімдері мәңгілекке ұмытылмайды.

Ән: «Тәуелсіз елдің ұланы»

Орындайтындар:Нұржан,Анел,Сайда,Фархат

Тәрбиеші: 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы азаттық жолындағы екі жарым ғасыр бойғы үздіксіз күрестен кейін мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді.

1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық елдің тұңғыш Президентін сайлау өткізілді, сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1992 жыл 4 маусым — Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Туы, елтаңбасы және Гимні қабылданды.

1993 жыл 28 қаңтар — Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.

1994 жыл 6 шілде — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кезекті жалпы отырысында Президенттің астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысы мақұлданды.

1995 жыл 29 сәуір — Республикалық реферундумда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттік мерзімі 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды.

1997 жыл 10 қазан — Президенттің жарлығымен мемлекеттің астанасы болып Ақмола жарияланды.

2005 жыл 4 желтоқсан — Қазақстан Республикасының президенті сайлауында Н. Ә. Назарбаев Президент болып сайланды.

2007 жыл 4 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылданды.

2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы.

«Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.

Мәнерлеп оқу:  «Мәңгілік ел»

Орындайтын: Бекжан Нұржігіт

Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында бүкіл қазақ халқы ежелден армандаған мақсатты, яғни ұлттық жаңғыруды қолға алып отыр. Президентіміз бұл рухани жаңғырудың жолын көрсетіп ғана қоймай, оны жүзеге асырудың нақты бағыт-бағдарын да ұсынды. Бүгінгі жастар, яғни балалар сендер   саламатты өмір салты сақтап, білімді болу, ағылшын тілін жетік меңгеріп,жаңа технологияларды  жақсы меңгеріп елеміздің  өркендеуіне зор үлес қосуымыз керек. 

 

Би: «Алға Қазақстан

Орындайтындар: «Қарлығаш» би тобы

Балалар, осындай қарыштап дамып келе жатқан   Мемлекетімізді көркейту үшін “біз кімбіз” және қандай үлес қосамыз ?

-Тәртібімізбен, сапалы білімімізбен  үлес қосамыз.

-жаңа балабақшаға  қол жеткізген ұрпақтармыз.

—  білімге құштар балалармыз.

-Ертеңгі күні  еңбек ететін еңбекқор баламыз.

-Үш тілді жетік меңгеретін ұрпақтармыз

-Біз спортты сүйетін  дені сау балалармыз.

-Ауылымызды көркейтеміз

-Біз Тәуелсіздік тірегіміз.

Хор: «Көк тудың желбірегені»

Тәрбиеші:
Туымыз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын. Азат аспанымызда алтын қыран қалықтаған мәңгілік еліміздің болашағы бекем болсын»,