Ұстаз-ұлы тұлға Мұғалім-мәртебелі мамандық шығарма

Ұстаз-ұлы  тұлға

Мұғалім-мәртебелі  мамандық

Акырын жүріп,анық  бас

Еңбегің  кетпес далаға

Ұстаздық еткен  жалықпас

Үйретуден  балаға. –деп  Ыбырай  атамыз  бекер  айтпаса  керек. Ұстаз қиын да,қызықты  мамандық. Ұстаздар  әрқашанда  шәкірт  тәрбиелеуден аянбақ  емес. Ұстаз  болу  жүректің  батырлығы  деп  те тегін  айтылмаса  керек. «Мектебім-алтын ұям». Бұл  ұғым әрбір  адам үшін өте  жылы  естілері  сөзсіз.Себебі,біз  әруақытта да мектепте өткізген  балалық шағымызды,ұлы  ұстаздарымызды  ұмытпақ  емеспіз.Мектептің  жүрегі-ұстаз.Ұстаз  қасиетті де,қадірлі  тұлға.Өзім  табиғаты әсем Құмарық  ауылының  Болтай  батыр  мектебінде  оқыдым.Әрине, әркімге  өз  мектебі  ыстық.Өзіме  сабақ берген мұғалімдерді  мақтан  тұтамын. «Білім негізі-бастауышта» деп  бекер айтылмаса керек.Себебі,бастауышта білімнің ең алғашқы  кірпіші қаланбақ.Бізді  бастауышта  Зылиха әпки  оқытты.Ол  кісіге  айтар алғысым шексіз.Қазір әпки зейнеткер,немерелі,шөберелі  әже  болып отыр.Қазір  міне,өзім де әпкиімнің  жолын қуып бастауыш  сыныптарға  сабақ  беріп ұстаз  атанып жүрмін.Бастауыш  сынып оқушыларымен  жұмыс жасау  өте  қызық. «Мектеп-кеме,білім-теңіз» демекші, сол ұстаздарымыздан  алған тәлім-тәрбиемізді,білімімізді орынды қолданып,ұстаздарымызды  қадірлеп жүрейік. Қиын да,қызықты  ұстаз  мамандығының  мәртебесін  көтерейік.