Құстар біздің досымыз

 

Тақырыбы: Құстар біздің досымыз.

Мақсаты: Аң аулау дәстүрінің қалыптасуы, саятшылық туралы айтып, қыран түрлерімен таныстыру.

Әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: Қыран бүркіттің  суреті, мазмұнды сурет, Құсбегі тақырыбындағы мақал – мәтелдер, жұмбақтар.

Құралдар: үнтаспа.

Пән аралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі, әдебиет.

Қолданылатын әдебиеттер: Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.

Уақыты: 30 – 35 мин.

Барысы:

Мұғалім:  Құрметті оқушылар! Сіздер біздің «Құсбегі» аялдамасындағы «Аң аулау дәстүрі»  тақырыбына орай өткізілетін тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Жүргізушілер:

Қансонарда бүркітші шығады аңға

Тастан түлкі табылар аңдығанға

Жақсы атпен тату жолдас бір ғанибет

Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.

 

Салаң етіп жолықса қайтқан ізі

Сағадан сымпың қағып із шалғанда

Бүркітші тау басында қағушы ойда

Іздің бетін түзетіп аңдығанда.

 

Қырық пышақпен қырсыңдап тұрған түлкі

О дағы осал жау емес, қыран паңға

Сегіз найза қолыңда көз аудармай

Батыр да аял қылмайды ертең таңға.

 

Қанат құйрық суылдап ысқырады

Көктен қызған сорғалар құйылғанда

Жарқ – жұрқ етіп екеуі айқасады

Жеке батыр шыққанда қан майданға.

 

Көлеңкесі түседі көмейіңе

Әр сөзін бір ойланып салмақтасаң

Мұны ұқса жігіттер аңшы ұқсын

Біле алмассың, құс салып дәм таппассың

 

Біреуі көк, біреуі жер тағысы

Адам үшін батысып қызыл қанға

Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл

Ұқсайды қаса сұлу шашылғанға.

 

 

Ертеден ата – бабамыз, батырларымыз, елін, жерін, жаудан қорғаумен бірге, аң аулап, аңшылықты дәстүр етіп халқын баққан.

Сөйтіп, бұрын біздің халқымыз аңшылықты күн көріс деп санаса, бүгінде оны сауық – сайран, сән – салтанат рәсімі ретінде қызықтап тамашалайды.  Саятшылықты халық ертеден келе жатқан өнердің бір түрі деп бағалаған. Халқымыздың аса көрнекті  қайраткерлері: Абай, Шоқан, Ақансері шығармаларынан біз олардың саятшылықты  ұнатқанын көреміз.

Саятшылық өнері арқылы халық табиғатпен қоян қолтық араласып табиғатпен сыр бөлісіп, бір – біріне жақындығын сездірген.

Сұрақ – жауап:

1) Саятшылықты қалай түсінесіздер?

— Халқымыз ежелден аң аулап, саятшылық құрған. Саятшылық өте көңілді өтетін болған.

2) Құсбегі деп кімді айтамыз?

—  Құсбегі қыранды түрге, топқа, жеке айыра білетін адам. Қыранды үйрете, түлете білетін адам.

3) Бүркітші деп кімді айтамыз?

—  Ол бүркітті ұстап, оны баптап аңға сала білетін адам. Аң мен құстан жан – жақты сауаты бар адам.

Осы тақырыпқа байланысты мақал – мәтелдер:

  1. Баба бүркіт барлап ұшар

Балапан бүркіт шарлап ұшар.

  1. Атбегі тұяғына қарар

Құсбегі қияғына қарар.

  1. Құстың алғанынан, салғаны қызық.
  2. Сұңқар құстың төресі

Лашын құстың жендеті.

Қаршыға құстың ұрысы.

 

Енді балалар тақтадағы жұмбақтарға жауап іздеп қарайық. Өз еріктеріңмен алға шығып, бір шиені таңдап оның артындағы жұмбаққа жауап іздеңіз.

Өте жақсы шештіңдер, балалар!

Құсқа ауа,  балыққа су, аңға орман керек. Аңды кез – келген адамға атуға рұқсат етілмейді, олардың  өздерінің ату мерзімдері бар. Кейбір аңдардың тұқымы азайып кеткендіктен олар қызыл кітапқа тіркеледі. Табиғатты аялап, орманды көбейткенде ғана аңдар көбейеді.

Адамның табиғатсыз күні жоқ. Балалар барлығымыз осы табиғаттағы құстарды, аңдарды,  өсімдіктерді аялауға әрқашан дайын болайық!