8-Наурыз Халықаралық әйелдер күні сценарий

Қымбатты қонақтар, аналар, әжелер, бала бақша ұжымының апайлары. Жыл мезгіліндегі ең тамаша, ең шуақты мерекелеріңіздің бірі 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!!!

Балаларымыздың сіздерге дайындаған «Аяулы, Анашым»  атты ертеңгілігін қабыл алыңыздар.

Көңілді әуенмен балалар жарты жеңбер болып тұрады.

Бала,бала, бала деп,

Түнде шошып оянған,

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған

Қолын қатты тигізбей,

Кір көйлек кигізбей,

Иісін жұрап анқытқан

Бұл кім?

Бәрі:   – Ана.

Ана, Ана, Ана… Осы сөздің өзі адамға қандай күш береді. Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді?!

Жүргізуші.           Ана – біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүрініз.-деп аналарға арналған тақпақтар

Дидар:   Әр сөзінді жаттаған

Жүрегімде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам

Қайсар:               Түнде сергіп жатпаған

Күндіз тыным таппаған

Бізсіз тамақ татпаған

Айналайын ақ мамам

Аружан:              Аналады сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

Нұртілеу:              Ананың біз гүліміз

Ана-біздің күніміз

 

Айдана:      Мерекесі бүгін

Алтын анамның

Сыйлайыншы гүлін

Жарқын даламның

Күлімдеген көзі

Күннің нұрындай

Қызым деген сөзі

Ақын жырындай

Ән:Құттықтаймын мама

Балалардың тақпақтары :

Әлқуат  :              Жүре берсен қасымда

Айбат анам,ай анам

Ботам деген даусыннан

Мен  мәз болып оянам

Айналайын ақ мамам

Жүргізуші:Көктем келді сағынған.

Жасыл көктем, сен көктем.

Гүлді гүлмен өрнекпен.

Ел бақытты, мейірлі,

Балалары әндеткен.

Төрлет көктем жоғары.

Көктем билеп кіреді: (Вальс музыкасымен)

Көктем: Үстім жасыл түк басқан

Көктем келдім нық басып.

Жылғаларға жылыстап

Кете берді қыс қашып.

Сәлеменсіңдерме балалар,қонақтар метекелеріңізбен.

Ақ жаулықты әжелер,ардақты аналар,ару қыздар.

Жүргізуші: Біздің балалардың өнерін тамашалаңыз, бірге көңіл көтеріңіз.

Ән: « Көктем»

(Балалардың тақпағы айтылады)

Ернар:   Дала нетен кең еді

Құстар әуен төгеді

Көптен күткен көктемнің

Көп болсыншы берері

Кәусар:  Көктемде көңілді

Құстар кеп жатқанда.

Құлпыртып өңірді,

Гүл ектік бақтарға.

Асель:    Бар табиғат нәр алып

Шыға келер жаңарып,

Қызғалдақ болып құлпырған

Көктем біздің балалық

Би: «Аспазшылар»

Көктем:Тамаша,өнерлі екенсіндер.Ал балалар,сендер үйде ата-аналарына көмектесесіңдерме?Шындықтарынды айтыңдар!Қазір мен  аналарыңнан сұрайын.Күні бойы ойнай беретін,ойыншықтарын жинауға ерінетін,дым істемейтін,жалқау бала бар ма?

Аналар:жоқ,жоқ!

Көктем:Ал таңертең ерте тұрып,балабақшаға өзі киінетін,үйде анасына көмектесетін әдепті,тәртіпті бала бар ма сіздерде?

Аналар:Бар,Бар.

Көктем ойын ойнатады Ата-аналармен балалар арасында 2-3 ата-ана шығады.

Ойын: «Кім жылдам?»

Жүргізуші: Балалар! Мерекеге аналарымыз ғана емес әжелерімізде қонаққа келіпті.

 Жүргізуші:          Әжем деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі.

Ән: «Әжетай»

(Балалардың тақпақтары)

 

     Әлия:                               Қайырымды, қасиетті.

Ең ардақты ақ әжем.

Әрбір сөзі өсиетті.

Баға жетпес ақ әжем.

 Айдос:                           О халайық жараңдар

Әжемді кім жамандар

Ақ тістері маржандай

Сенбесеңдер қараңдар

Келбетіне көз салсаң

Көктемнің нұрлы шуағындай

 

 Алдияр:                              Таусылмайды өлеңі

Күнде айтып береді

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит әкеп береді.

Әжем мені өйткені

Өте жақсы көреді

 

 Бегімай:               Менің-әжем жыр әжем

Шуағы мол –нұр әжем

Ақ орамалды тағып ап

Аман-есен жүр әжем

 

 Медина:               Мен әжемді сүйемін

Кимімді өзім киемін

Ақылына көнемін

Өлең айтып беремін

Ойнап келсем «күнім» деп

Қарсы алады күлімдеп

Мен сабақты оқимын

Әжем кілем тоқиды.

 Жүгізуші:            Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы қыздан сұлу алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп ұлдардың тақпақтарын қабыл алыңыздар

          Мұхамбет: Достықты біз ойлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз

 

Аян :           Біздің қыздар әдемі,

Өздері сондай сүйкімді.

Біз оларды сыйлаймыз,

Шаштарынан жұлмаймыз.

Би. «Вальс»

 

— Балалар, Мен сендерге өте қуаныштымын.Көктем балалармен қоштасып шығып кетеді

Жүргізуші:

Ал, қане балалар орнымыздан тұрайық.

Аялы да, алтын нұрлы анашым.

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың

Сен асқарсың, сен аспансың биіксің.