Сабақтың тақырыбы: «Әдептілік әдемілік»

 

Сабақтың тақырыбы: «Әдептілік әдемілік»

 

 

Мақсаты:

Тәрбиеленушілерді кішіпейілділікке үлкенді сыйлауға, көмектесуге үйрете отырып, бойларына жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Тәрбиелік мәні:

     Жақсы қасиетке үйретіп, жаман қасиеттен жиренту арқылы адамгершілік сезімін дамыту. Ата – анасына туған жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиедеу.

Міндеттері:

  1. Оқушылардың аладарына қойған мақсаттарына қол жеткізуге жетелеу.
  2. Іс-әрекеттерін ірілендіре түсіру, өмірмен байланыстыру.

Сабақтың әдісі: ауызша баяндау, сұрақ – жауап.

Көрнекілігі: Түрлі – түсті суреттер. Атамыз Абайдың портреті, буклет, нақыл сөздер.

Әдепті бала ата – анасын мақтатар

Әдепсіз бала ата – анасын қақсатар”

“Бір жылы сөз – бір күнгі азық”

 

Сабақтың өту барысы:

 

Мұғалім: Бүгінгізаман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек. Оның ең бастысы адамгершілік. Ата – анасының ьілегі сенің жақсы адам, азамат болуың сенің ата – ана үшін шексіз бақыт. Ата – анаң алдында шыншыл бол. Өзіңнен үлкеннің ақыл – кеңесін тыңда. Кішіге мейрімді бол, досыңа қайырымды бол. Осындай қасиеттері бар баланы біз қандай бала дейміз.

Оқушылыр: Тәртіпті, әдепті бала бейміз.

Мұғалім: Тәртіптілік ең алдымен мектеп ережесін қатаң сақтаудан басталады. Егер сен бала күніннен тәртіпті әдепті бала болып өссен есие келе ата – ананның, өз отанынның мақтанышы боласың.

Ұлы Абай атамыз

Әсемпаз болсаң әр неге.

Өнерпаз болсаң әр қалан

Сенде бір кірпіш дүниенің .

Кетігіенде тапта бар қалан  дегендей жастарды болашаққа, әдепті сапалы өмірге шақырған. Біз осы әдептілік жақсы қасиеттер туралы қай сабақта оқып таныстық.

Оқушылар: “Ана тілі ” сабағында

Мұғалім: Дұрыс, лсы жөнінде қандай тақырып өтіледі. Оқушылар өткен тақырыптарды атайды.

Мұғалім: Онда қандай нәрсені жақсы деп түсінесіңдер.

Оқушылар: Үлкен сыйласу, көмек көрсету, кішіпейіл ьолу, жаман сөз айтпау, ұрлық істемей, өтірік айтпау.

Мұғалім: Ал енді нәрсені жаман деп түсінесіңдер.

Оқушылар: Өтірік, өсек айту, еріншектік, айтқан сөзінд тұрмау және т.б.

Мұғалім: Біз қандай да бір көңілімізге ұнаған жақсы нәрсені әдемі дейміз.

Жаңағы әдептілік туралы айтқан сөздердің барлығы жақсы қасиеттер. Ендше әдептілік те әдемілік екен. Ал балалар! Әдептілікті өздерің қалай түсінесіндер. Ойларынды ортаға салыңдар.Бұдан әрі балалар әдептілік жақсы мінез – құлық туралы жаттаған тақпақтарын айтты.

 1 – оқушы: Дұрыс сәлемдесу білуде мәдениеттілік белгісі. Көшеде, мектепте, үйде таныс адамдар, үлкен кісілер, мұғалімдер не деу керек.

Барлығы: “Сәлеметсіз бе” деу керек.

2 – оқушы: Үлкен кісі қолындағы нәрсені көтере алмай келе жатса оған не деу керек.

Барлығы: “Көмектесейік” деу крек.

3 – оқушы: Байқаусыздан біреумен қақтығысып қалсаң не ағат сөз айтсаң не деу керек.

Барлығы: “Кешіріңіз” деу крек.

4 – оқушы: Апаң сенің базардан

Алма сатып аперді

Ең үленін жақсысын

Саған таңдап әперді.

Не деп барып жеу керек.

Барлығы: “Рахмет апа” деу керек.

5 – оқушы: Әжең сенің үстелге

Қант кәмпит қойды мол

Жұрттан бұрын ыдысқа

Өз бетіңмен салдын қол

Жөн енді не айтқанын.

Барлығы: “Рұқсат па” деу керек.

6 – оқушы: Атам менің қашанда

Әдепті жан бол деген

Асыл сөзді санамда

Жасы үлкенге жол берем

7 – оқушы: Атам менің қашанда

Кішіпейіл бол деген

Асыл сөзді санамда

Мақтанбауды жөн көрем.

8- оқушы: Атам менің қашанда

Әдепті жан бол деген

Асыл сөзді санамда

Жүрем әділ жолменен.

“Әдептілік әліппесі ” атты тақырыпта жасалған буклеттегі суреттермен таныстырып түсінік береді.

Тәрбие сағаты күйтабақтан И.Нүсіпбаевтің “Мен әдепті боламын” әнін таңдау қортындыланады.