Сөйлем Сабақ жоспары

Бекітемін:                             Күні: 11. 10. 18  Сыныбы: 4 «б» Мұғалімі:Ибраева С

Тақырыбы: Сөйлем.

Сабақтың мақсаты: Сөйлем туралы берілген материалдарды қайталап еске түсіру. Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, танымдық қабілеттерін дамыту. Зейінділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ізденіс, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кестелер, топтамалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық  дайындық.

Қонақ күту салтымыз.

Оқып біліп жатырмыз.

Келген қонақ сіздерге,

Сәлем бердік жалпымыз.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру. «Бәйге» ойыны.

— Сол жақтағы  30.Мәтін дегеніміз не?

— Ортадағы 40. Мәтінге ат қою дегеніміз…….

— Оң жақтағы 20. Мәтіндегі негізгі ой ………

— Сол жақтағы  20.Мәтіннің түрлерін ата.

— Ортадағы 50.Әңгімелеу мәтіні деген не?

— Сол жақтағы 30. Сипаттау мәтіні деген не?

—  Оң жақтағы 10.Пайымдау мәтіні дегеніміз не?

— Ортадағы 50.Пайымдау мәтіні қандай бөліктерден тұрады?

—  Сол жақтағы 10.Әңгімелеу мәтінінің бөліктерін ата?

ІҮ. Қызығушылықты ояту.  «Сөз моншақ» ойыны.

   Әрбір топ оқушылары сөз моншақтарды ретімен жіпке тізіп,сөйлем құрастырады.

   Тақтаға жазады.

   Апта жеті күн деген сөзді білдіреді. Күн бүгін кешегіден суық па?Мынау бір өнерлі бала ғой!

Бұл сөйлемдер айтылу мақсатына қарай жай сөйлемнің қай түрі ( хабарлы,сұраулы,лепті) екенін айт.

  1. V. Мағынаны тану.   Оқулықпен жұмыс.

4-жаттығу. Сөздерді оқы. Сөз-моншақтарыды ретімен жіпке тіз. Сонда не шықты? Құрастырған сөйлеміңді көшіріп жаз.

5-жаттығу. Сөздерді мағналық жағынан байланыстырып жаз.

Бригада, кірісті, Жарас, жұмыс.Жарас бригадаға жұмысқа кірісті.

  • Құраған сөйлемнің жай сөйлемнің қай түрі (хабарлы, сұраулы, лепті) екенін айт.

6 -жаттығу. Ертегіні тиісті дауыс ырғағымен оқы.Ертегіден көрініс көрсету.

  • Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай түрлеріне анықта.
  • Қарамен жазылған сөйлемдерді көшіріп жазып, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндір.

7 -жаттығу. Өлеңді оқып, тиісті тыныс белгісін қойып жатқа жаз. Сұраулық мағына беріп тұрған сөздердің астын сыз. Олардың жазылу ерекшеліктерін бір-біріңе түсіндір.

8 -жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Жақша ішіндегі ма, ме, па, пе болымсыз етістік жұрнағы немесе сұраулы мағына беретін сөз екенін анықта.

  • Хабарлы сөйлемді бір бөлек, сұраулы сөйлемді бір бөлек жазып, тиісті тыныс белгілерін қой.
  • Өздерің соңында болымсыз етістік сөзі бар үш хабарлы сөйлем және ма, ме, па, пе, ба, бе арқылы жасалған үш сұраулы сөйлем құрап жаз.
  • Сергіту сәті.Мұғалім әр түрлі сөйлемдер оқиды.Оқушылар қимылмен көрсетеді.

ҮІ. Ой толғаныс. Венн диаграммасы.

      1 топ:Мәтін мен сөйлемді салыстырады.

       2 топ:Хабарлы сөйлем мен сұраулы сөйлемді салыстырады.

       3 топ: Сұраулы сөйлем мен лепті сөйлемді салыстырады.

      Рефлексия.

Балалар, бүгін біз не үйрендік?

Сөйлем айтылу мақсатына қарай қандай болып бөлінеді?

 

ҮІІ. Үйге тапсырма. 9 -жаттығу.Ереже жаттау.

 

ІХ. Бағалау.