Күз – мереке, күз – береке

Күз – мереке, күз – береке .

 

Мақсаты: 1. Балаларға күзгі табиғаттың  ерекшелігін білдіру.

  1. күз мезгілінің тіршілікке тиер пайдасын, табиғатты қорғауға сүюге, аялауға, қажырлы еңбек етуге тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: (слайд) жапырақтар, жемістер, көкөністер.

Жүргізуші мұғалім. Құрметті ұстаздар,оқушылар бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының өткізгелі отырған « Күз –мереке, күз –береке» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймын.

Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын жүз,

Сары алтынға малынған,

Жетті міне, алтын күз.

Міне бізге де күз келіп жетті. Кәне балалар, күз айларын атайықшы( қыркүйек, казан, караша ) Күз айы мерекеге толы , олай болса күзгі мерекелерді атайық. (Білім күні, ұстаздар мерекесі, 25 – қазан Республика күні)

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Естімегендерге ымдаңыздар!

Бүгін бізде алтын күз мерекесі тойланғалы жатыр.

Баршаңызға, баршаңызға !

Жиналғанға ұқсайды барша мұнда!

Жиналғанға ұқсайды барша мұнда!

Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!

Бүгінгі біздің бағдарламада

Келтіретін әрдайым сезім күйін,

Көріңіздер бишілердің әсем биін,

Қатыссаңыз кетірер көңіл кірін

Ойынның ойнайсыздар неше түрін,

Әншінің шарықтаған әнін естіп,

Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп

Осылай бәрі- бәрі болып жатса

Мақсатқа қалар едік бізде жетіп.

Біз бүгін күз мезгілінің қыр-сырын пайдасымен, қуанышымен таныс боламыз

Күз тақырыбында айтылатын білім- біліктерін, өнерлерін тамашалайсыздар.Бұл кешімізге бір топ  «Күз» байлықтары келіп тұр, осы жемістер мен көкөністердің алып келген тақпақтарын тыңдайық

1 –сынып оқушылары..

1 – оқушы.  Жүзім

Іші толған шәрбәт,

Дәмі қандай әйбәт

Үзесің бірден жүзін,

Оның аты жүзім.

2 – оқушы.  Өрік.

Дөп- дөңгелек сары,

Ішінде бар дәні.

Қызығасың көріп,

Оның аты өрік.

3 – оқушы. Шабдалы.

Пісетін дәл күзде,

Мезгілсіз оны үзбе.

Аузыңнан кетпес бал дәмі,

Оның аты шабдалы.

 

2 – сынып оқушылары.

4 – оқушы. Құлпынай.

Жапырақты тасалап,

Өсетін жері бақша- бақ.

Күрең қызыл шіркін- ай,

Оның аты құлпынай.

5 – оқушы. Шие.

Бір сабақта көп түйме,

Жей алмайсың көк күйде.

Санап қара қанша,

Оның аты шие.

6 – оқушы. Сәбіз.

Көжектерге дәмдеспін,

Өзбектерге сәндеспін,

Бойым өссін десеңіз,

Сәбіз жеңіз асаңыз.

Мектеп өмірінде ол бір пән, келесі нөмірде орындалатын ән

«Туған жер» әнімен  4 сынып оқушысы Бақытжанова Ақниетті ортаға шақырайық..

3 –Сынып оқушылары.

7 – оқушы. Қызанақ.

Қып- қызыл қызанақпын,

Қарасаң көз тоймайды

Егер мені жеп көрсең,

Қызықтырмай қоймайды.

8 – оқушы. Қияр.

Мен қиярмын, қиярмын,

Қызанақтың сәнімін

Салаттардың дәмімін

Қараңдаршы қандай сәндімін.

9 – оқушы. Қызылша.

Пісетін кезі дәл күзде,

Мезгілсіз оны үзбе

Оның аты қызылша,

Жей бер қарның тойғанша.

4 – Сынып оқушылары.

10- оқушы. Картоп.

Мен картоппын картоппын,

Бір қарасаң жай доппын,

Кім не жеседе жағам,

Мені қоссаң тәтті болар.

11 – оқушы. Бидай.

Алқаптан бидайды,

Қоймаға ел жинайды,

Тырнасы тізілген,

Ұнатам күзді мен.

12 – оқушы. Алма.

Қарашы далаға,

Реңі сары ала,

Пісті алма балбырап,

Сарғайды бал құрақ.

Келтіретін әрдайым сезім күйін, қарсы алайық « Күзгі вальс »биін.

3-сынып оқушыларының биін тамашалайық.

Алақай-ау, алақай,

Ойнайықшы балақай

Қызарғанша алақан,

Қол соғайық, балақан!- деп ендігі кезекті ойынға береміз.

Енді балалар біздің жемістермен көкөністеріміз сіздерге сұрақтар ала келіпті сол сұрақтарға жауап берейік. ( жеміс, көкөніс тәжін киген балалар сұрақ жазылған жемістер мен көкөністерді көрермен балалрға таратады.

Құлақтан кіріп бойды алар,

 

Тәтті әнмен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй,- деп Абай атамыз айтқандай кезекті әнге берейік.

4- сынып оқушысы Файзуллина Жасминді ортаға шақырайық .

Ендігі кезектіе Абай атамыздың «Күз» өлеңіндегі жасырын сөздерді тауып көрейік .(оқушылар слайдтан жасырын сөздерді табады).

Құрметті көрермендер, осымен көптен күткен алтын арайлы күз мерекесіне арналған әдеби қойлымызды жабық деп жариялаймын.