Қазақстан тарихын оқытудағы патриоттық тарбие

Қазақстан тарихын оқытудағы патриоттық тарбие

 

Атадан жақсы ұл туса,

      Елінің туы болады.

      Атадан жаман ұл туса,

      Көшінің соңы болады.

      Қазыбек би

Тарих пәнін оқытуда оқушылар өз елінің тарихы, ол биздің ата-бабамыздың жетістігі деп біледі. Отаншылық, Отансүйгіштік, Патриотизм – адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі. Көшпелі қазақ өркениетінде Отаншылдық ең қасиетті міндеттердің бірі саналды. Ежелгі түркі қағандығы кезінде тасқа жазылған  Күлтегін ескерткішінде ел билеушілерінің Отаншылдық үлгісі көрініс тапқан. Төре, Қазыбек, Әйтеке билер, Ақтамберді, Бұқар жыраулар және ХХ ғасырдың басындағы А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейхан, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, т.б. ұлт зиялылары мен қайраткерлері  Отаншылдықты сөзбен ғана емес, іспен де өнеге көрсете білді. Әйтеке би “Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі” деп халыққа қызмет етудің, Отаншылдықтың айнасы бола білді. Тәуке хан заманынан қазақ қоғамында Отаншылдық  байлықтан да жоғары бағаланды.

Қазіргі кезде Қазақстан өмірінде “қазақстандық патриотизмді” қалыптастыру және оны азаматтардың ой-санасына сіңіруді мемлекеттік дәрежеге көтергенімен, Отаншылдық ой-сананы қалыптастырудың шешілмеген мәселелері бар.

Отаншылдық – елжандылық туған отбасына, туып-өскен ортаға, туған топырағы мен табиғатына деген құрметтен басталады. Сондықтан Отаншылдықтың қайнар көзі адамгершілік қасиеттер болмақ. Отаншылдықтың іргетасы – ұлтжандылық. Өз ұлтын сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын азамат қана отаншыл болады. Отаншылдықты рухани  құбылыс ретінде зорлықпен, нұсқаумен биліктің басқаруымен енгізу мүмкін емес.

Оқушылардың бойындағы патриотизмді дамыту үшін пән аралық байланыстың болуы маңызды (тарих, әдебиет, география т.б.). бірақ оқу пәндерімен ғана шектелмей қалалық және мектепішілік мұражайлармен, көрмелерде және Даңқ залында ұйымдастырылатын іс-шараларға қатыстырып немесе саяхат жасап отырған абзал.

Мұражайдың оқу үрдісінде алатын орны:  Даңқ залының талай жылдан бері оқушыларға білім беруде, оларды патриоттық рухта тәрбиелеуде, ұйымдастырылған іс-шаралар арқылы жеке қасиеттерін дамытуда алатын орны ерекше. Мұражайда Ұлы Отан соғысы, еліміздің ержүрек батырлары – Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәмбетова, Сергей Луганский және Павлодар өңірінің елге есімі белгілі ардагерлар туралы біршама материалдар жинақталған. Мектепте әскери-патриоттық тақырыпта үнемі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Мектеп қабырғасында тарих пәні 5-ші сыныптан бастап оқытылады. Осы сабақта әр оқушлар өздерін жеке тұлға ретінде сезінеді. Оқушылар өздерін қазақстанның азаматы ретінде сезініп, өз елінің өткен тарихын оқып біліп сол мемлекеттің тұлғасы ретінде Қазақстанның дамуына өз үлестерін қоса алатындарын сезінеді.

Пән мұғалімі ретінде әр бір тақырыптын мазмұнын ашып оқушылардың ой-өзегінен өткізіп, оқушылар келешекте тереңірек ойлап, биік мақсаттарға ұмтылғандарын қалаймын. Осы мақсатта «Мектеп оқушылары арасындағы патриоттық тәрбиені қалыптастырудағы «Мұражайдың» атқаратын рөлі» атты тақырыбында 5-ші сынып оқушысы Кайниденова Айсанамен ғылыми жобаны зеріттеп жүзеге асырудамыз.

Ата-бабаларымыз сыйға тартқан бақытты өмірімізді қорғау әрбір саналы азаматтың борышы. Қан мен тер, мерт еткен өмір арқылы келген бостандық – тарихи  шындық. Ата-бабамыз, әже-апаларымыз салып кеткен дәстүрді берік ұстап, ел азаматы болу бүгінгі ұрпақтың қастерлі де бұлжымас абыройлы міндеті.

 

 

Тарих пәнінің мұғалімі: Жантемирова Гаухар Болатхановна

Павлодар қаласы №1 ЖОББМ