«Қазақстанның кереметі»

«Қазақстанның кереметі»

Біздің еліміз – ең үлкен құрлықтың ортасында орналасқан, әртүрлі ерекше табиғи нысандары мен сәулет өнері бар мемлекеттердің бірі. Оны тек қана Қазақстандықтарғана емес, дүниежүзі халқына таныту мақсатымен, еліміз конкурсқа қатысты.

Қазақстандық ғалымдар тобы 40 – қа жуық нысанды зерттеп, арасынан қазақ мәдениетін паш ететін жетеуін тандап алды. Белгіленген нысанға қойылған негізгі талаптар бойынша: оның материалды нысан болуы, тұрғындарға қолжетімді, халықтың тарихында ерекше орны болуы тиіс. Сонымен бірге ол басқа мемлекеттерде қайталанбауы керек. Қазақтың жеті кереметтері: Тамғалы шатқалындағы жартастағы суреттер, Алтын адам, қазақтың ұлттық аспабы – домбыра, киіз үй, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен жәдігерлері, Маңғыстаудың жартасқа салыңған мешіттері және Бәйтерек.

Тамғалы шатқалындағы жартастағы суреттер 1957 жылы Тарих, археология және этнография институтының экспедициясы Алматы қаласынан солтүстік-батысына қарай 170 шақырым жерде орналасқан жартастағы суреттерге тап болды. Жартастағы суреттер ислам дініне дейінгі кезеңде өмір сүрген халықтардың тіршілігінен сыр шертеді. Суреттерде будданың храмы, пұтқа табыну, тәңірге сену және шаманизм символдары болды. Петроглиф тас кешені, Жетісудың ең көне ескерткіштерінің бірі. 2004 жылдан бері Қазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандары тізіміне енген. Петроглифтер мерзімі б.э.д ХIY ғ., б.э YI -YIII ғасырлар аралығы, яғни қола дәуірден түркі халықтарының Ұлы даланы жаулап алғанға дейінгі уақытты қамтиды. Петроглифтер кең аймақта жайғасып, өлшемі 3 км х 10 км құрайды. Олардың ең маңызды бөлігі 250 м х 500 м, онда 2 000 петроглифовтер бар, жалпы Тамғалыда 5 000 суреттей бар.

Тамғалы – Балқаш бассейні аймағында Семиречьядағы 50 орталықтардың бірі Орталық Азия аясында ғана емес әлемдік масштабта ауқымдылығын таралды. Тамғалы петроглифтері сұлулығымен, кеңістік көрінісінде ежелгі адамның әлемді тануын білдіртеді.

1999 жылы Юнесконың Әлемдік Мұралар Комитеті Тамғалыны беделді ескерткіш ретінде 2001-2002 жылдарда номинацияға қосу қажет деп анықтайды. 2001 жылдың тамыз айында Қазақстан Премьер-Министрі И. Тасмағамбетов пен Юнесконың Бас директоры К. Мацуура Тамғалы шатқалында болып, ескерткіш маңздылығын бағалап, Қазақстан мамандарының ескерткішке қолайлы жағдай туғызғанын көріп, тәнті болады. 2001 жылдың 5-қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Тамғалы Археологиялық кешені республикалық маңзы бар ескерткіш мәртебесін алып, қорғау аймақтары белгіленіп, 2003 жылдың 14-қазанында № 1052 Үкіметтің арнайы қаулысымен Мәдениет министрлігінің қолдауымен Алматы облысы Тамғалы шатқалында 3,8 га жалпы ауданы бар «Тамғалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени, табиғи қорық-мұражай ашылады. Ескерткіш кешенінде 2-мыңжылдық бойы адамдармен қолданған молалар, петроглифтер, діни орындар орныққан.

 

 

Алтын адамның табылуы ғылыми ортаға ерекше әсер етті. Сақ мәдениетінде патшаларына қорған салатын болған. Ғалымдар Алтын адамды б.з.д III –V ғасырдағы сақ мәдениеті мұрасына жатқызды.

 

Маңғыстаудың ең әдемі мешіттерінің бірі – тасты жартасқа ойып салынған Шақпақ ата мешіті. Жер астында салынған бөлігінің қабырғалары сопылардың қалдырған жазбаларынан тұрады. Қабырғада бұл дүниенің баянсыздығы және қысқалығы туралы жазылған.

Қазақтын ұлттық аспабы домбыра Арал қаласы маңында жүргізілген қазба кезінде, қолында домбыра ұстаған саздан жасалған адамның мүсіні табылған. Ғалымдардың пайымдауынша б.з.д. V- IV ғасырға жатады. Алматы облысындағы Майтөбе деген жердегі жартаста билеп жүрген адамдар және домбыра салынған. Бұл суреттер неолит кезеңіне жатады.

 

Қазақтардың көшпенді тіршілігі тез жиналатын және құрылатын киіз үйлерде өмір сүруге үйретті. Киіз үй б.з.д. III ғасырда пайда болғанымен, қазіргі кезге дейін үлкен өзгеріске ұшыраған жоқ. Сыртқы көрінісі киізбен қапталған мұнараға ұқсайды. Қыста суықтан, жазда ыстықтан және жаңбырдан қорғады. Үйді бір отбасы бір сағат көлемінде жинап, құрайтын болған.

 

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аймақтағы мұсыландардың басты киелі жері болады. Кесенеге үш рет келу, Меккеге барғанмен теңестіріледі. Кесенені XIV ғасырда сопылық ақын және уағыздаушы Қожа Ахмет Ясауидің жерленген жерінде Ақсақ Темір салғызды. Бұл ғажайып көркем туындыны Орталық Азиядағы ерекше сәулет өнері деп есепке алып, ЮНЕСКО – ның тізіміне енгізді.

 

«Бәйтерек» монументі Астана қаласында орналасқан құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Бәйтерек сөзі «өмір ағашы» дегенді білдіреді. Ежелгі көшпенділердің космогониялық көзқарасын білдіреді. Монументтің жоғарғы жағында күн сәулесімен ойнаған алтын шар орналасқан. Бәйтерек кешенінің тарихи тамыры тереңде және оны осы күнге дейін сақтап келген тәуелсіз қуатты мемлекет екендігінің символы.

 

Елімізде бұл тізімге енбей қалған табиғаттың ерекше сұлу жерлері жеткілікті. Солардың бірі — Жетісу өлкесі. Жеті өзеннең тұратындығы атынан көрініп тұр. Оларға: Іле, Қаратал, Ақсу, Көксу, Тентек, Лепсі, Сарқан жатады. Аталған өзендердің барлығы Балқаш көліне барып құяды. Халық Жетісуды «Қазақстанның інжу – маржаны» деп атайды.

Біз рухани жаңғыру «Туған жер» бағдарламасы бойынша «Қазақстанның кереметін» жаңдандырып дәріптеуіміз қажет, сол кезде бүкіл әлемдік деңгейге көтеріледі.

Орындаған: А.Косарев атындағы №9 орта мектебінің

география пәні мұғалімі

Оғадиев Рамазан Сакенұлы