Әкем, анам жүрегім шығарма

 

«Әкем, анам жүрегім»

Әкешім-мақтанышым, менің алтын қазығым. Мен әкемді жақсы көремін. Әке мен үшін ең асыл ,дара тұлға .Мен өзімінің жан әкеммен мақтанамын. Өйткені менің әкемдей  әке кемде-кем шығар бұл дүниеде.  Мен әкемнің мақтанышымын. Әкем маған әр кез қызым, сен  менің ең асыл баға жетпес байлығымсың деп отырады. Сондықтан  да  мен әке сөзін жерге тастамай ақылды,сабақта озат болуға талпынамын. Мен озат оқушымын. Сыныпта ең белсенді баламын. Әкемнің сеніммімен алға жылжып, тек алда болу басты мақсатым деп санаймын. Әкешім-жан жүрегім .Әрбір бала әке тәрбиесімен сусындап өседі .Әке жүрегі балаға тек мейірім мен шынайы әкелік махаббат пен қамқор береді. Сондай жанашыр әке менің әкем. Менің әкем маған әр кез қол ұшын беріп, менің әрбір сөзімді, ісімді қолдап, қолпаштап отырады. Кей-кезде мен өз сырымммен  бөлісемін .Мысалы мен тоқыма  түрімен әуестеніп, әлеуметтік желі арқылы өзім үйреніп алдым. Сол кезде маған сенім білдірген әкешім еді.Қызым сенің қолыңнан келеді,тек алға деп маған шабыт берді.Маған керек жіптерімді сатып әкеп берді.Әкешім менің жан досым.Өйткені менің нағыз қамқорым,досым жан әкем. Әкеммен ақылдаса отырып,анамының туған күніне,мерек күндері бірлесіп,сыйлық жасаймыз.Әкем маған демеушілік көрсетіп,қолдап отырады.

Әкем маған әркез бала деген балалық шағында құмар ықанғанша ойын ойнау керек дит.Өйткені бала болып,ойынды көп ойнасақ,біздің ой-өрісіміз дамиды деп түсінемін.Алаңсыз балалық шақты жақсы өткіз дит.Әкең бар,анаң бар,бауырларын бар ,сондықтанда сенің жарқын болашағын алда деп отырады. барлық ата-ана баласына осындай жақсылық тілеп отыратын шығар.Өйткені әрбір ата-ана өз болашағы үшін аянбай еңбек етуде.Әкешім-асқар тауым,кемеңгерім,-деп ақын жырлағандай әр баланың әкесі өзіне жақын,өзіне ыстық.Мен әкемнің қызымын.Менің әкем ең жақсы адам деп айта аламын.Өйткені әкешім-мақтанышым.Әкешім-дара тұлға деп білемін.

Ана осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр. Ана үш әріптен тұрса да мағынасы тереңде. Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.Ана-дара тұлға.Ана-ақылшым,ана-бар асылым.Ана алдындағы борышымызды ешқашан өтей алмаймыз.Ана ол баласына қамқор ,жанашыр адам.Менің анам да сондай дара тұлға.Анам мектепте мұғалім болса,үйде нағыз ана қызметін атқарады.Анашым үйде әрбір баласына көңіл бөліп,бабын таба біледі.Анам менің балаларым көп деп айтып отырады.Өйткені білім нәрімен сусындатқан әрбір шәкіртін,өз балам деп қабылдайды.Мектепте барлық бала менің анамды жақсы көреді.Өйткені ол кісі балаларға  мейірім мен  махаббатын еш аямайды. Менің анам-алтын адам деп айта аламын. Анашым-бар асылым,кемеңгерім.Менің бойымдағы ана сүтімен келген асыл қасиет осы анамнан  келген. Мен анашымды ешқашан ренжіткім келмейді.Көңіліне қаяу түсірсем,ол кісі мұңаяды деп ойлаймын.Сондықтан анашымның езуінен күлкі тыйылмаса деймін.Ата-анам ауырмасың деп күнде тілеймін.  Өйткені ана жүрегі өте нәзік.Сол нәзік жүректі жараламай,аялай білу керек деп ойлаймын.Менің үлкен аға-әпкелерім  ата-анамызға  бар мейіріммен қарайды.Олар ата-анамызды ренжітпейді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Анамызға қыздар  үй шаруасында көмек көрсетеміз.Ал әкемізге ағаларым көмектесіп,шаруашылыпен айналысады. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.

Анам мен әкемді меккеге апарамын өскенде.