Журналист болу арманым

Журналист болу арманым

Мен өскенде журналист болғым келеді. Ел аралап, танымал адамдармен сұқбаттассам деймін. Қызықты репортаждар жасағым келеді. Ауа-райы туралы мәліметтермен халықты құлағдар етіп тұрсам деген асқақ арманым бар.

Сол үшін осы бастан сабақты жақсы оқуға, әдемі әрі жүйелі сөйлеуге дағдыланып жүрмін.

Мен өскенде ақтөбелік жерлес апайым, белгілі тележүргізуші Гүлнәз Әлімгерейге ұқсағым келеді. Гүлнәз Әлімгерейдің мектеп-студиясында оқимын. Мен арманыма жететініме сенімдімін. Болашақта мені көгілдір экран бетінен жаңалықтар жүргізгенімді көрсеңіздер деймін.

 

Жанерке Жоламан

№73жалпы білім беретін орта мектептің 1 а сынып оқушысы

Жетекшісі Ерлепесова Ақмұнар Болатқызы