Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы

Жамбыл Жабаев

   Тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы.

   Мақсаты: білімділік – оқушыларға Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағұлмат беру, «Ленинградтық өренім» өлеңінің шығу тарихымен таныстыру.

Дамытушылық: өткен ғасырға үңілдіру. Оқушылардың  Жамбыл өмірі мен поэзиясы туралы ұғымын кеңейту.

Тәрбиелік: оқушыларға Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, оқушыларға Отанға деген сүйіспеншілікті ұғындыру. Оқушыларды ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу.

Түрі: сайыс сабақ.

Әдістері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, көрнекілікпен жұмыс, түсіндіру, топтастыру.

Типі: ұжымдық.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, Жамбылдың портреті, викториналық сұрақтар, хронологиялық кесте «Сандар сөйлейді».

   Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру:

а) оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

ә) оқушылардың назарын сабаққа аударту.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

«Менің тамырларым – туған халқым, бұтақтарым – жырларым, менің жапырақтарым – ұлдарым мен қыздарым. Мен – бар болғаны жүз жылдық терекпін, қартайғанда тапқан жарық күнімді, халқымның бақытын, ұлдарым мен қыздарымның бақытын жырлаймын. Қазақ жерінің ұлдары мен қыздары нағыз керемет істер істейді»,- деп өзінің бүкіл ғұмырын халқының бақытын жырлауға арнаған.

Викториналық сұрақтар:

Тұлпар тобына викториналық сұрақтар:

  • Жамбыл кім?
  • Жамбыл қай жылы туған?
  • Ол қай таудың етегінде туды?
  • Анасының аты кім?
  • “Ленинградтық өренім” қай жылы жазған?
  • Бұл өлең жауынгерлерге не берді?
  • Жамбыл өлеңінде Ленинградты неге теңейді?
  • Жамбыл мұражайы қай жерде орналасқан?

Жүйрік тобына викториналық сұрақтар:

  • Әкесінің аты кім?
  • Балалық шағы қалай өтті?
  • Жамбылдың ұстазы кім?
  • “Ленинградтық өренім” өлеңі кімге жазған?
  • Жамбылдың ұлының есімі кім?
  • Жамбылдың алғашқы өлеңдерінің бірі.
  • Жамбыл 10-11 жасында шығарған өлеңі қалай аталады?
  • Қай жылы Жамбылға “Еңбек Қызыл Ту” орденін берді?

    Хронологиялық кесте «Сандар сөйлейді»:

  • 1846 ж. 28 ақпанда- Жамбыл Жабаев дүниеге келді.
  • 1860-1861 ж.- Жамбыл алғашқы өлеңдерін шығарып, Сүйінбай ақыннан бата алған.
  • 1891 ж.- Атақты әнші-ақын Әсет сияқты серлермен, шешендермен кездеседі. Қырғыз еліне ақындығымен танылады.
  • 1916 ж.- Патшаға қарсы ұлт-азаттық қозғалысы кезінде Жамбыл елді азаттық күреске шақырған «Патша әмірі таралды» және «Зілді бұйрық» деген өлеңдерін шығарды.
  • 1919 ж. мамыр айында- Верный қаласында Жетісу ақындарының тұңғыш слеті өтеді. Слетке Жамбыл қатысып, ақындар айтысында бағалы сыйлық алды.
  • 1936 ж. мамырда- КСРО Орталық Атқару Комитеті Қазақстанның халқы ақыны Ж.Жабаевқа «Еңбек Қызыл Ту» орденін беру туралы қаулы шығарады.
  • 1938 ж. 19 мамырда- КСРО жоғары Кеңесі Президиумының қалауысымен Жамбыл «Ленин» орденімен марапатталды.
  • 1939 ж.- «Құрмет белгісі» орденімен марапатталады.
  • 1941 ж. 15 наурызда- Көркем әдебиет саласындағы аса үздік еңбегі үшін Қазақстанның халық ақыны Ж.Жабаевқа КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты деген жоғары дәрежелі атақ берілді.
  • 1941 ж. қырқүйекте- Жамбыл атақты «Ленинградтық өренім» деген өлеңін шығарады.
  • 1945 ж. 22 маусымда- Жергілікті уақыт бойынша 7 сағат 55 минутта Жамбыл дүниеден өтті.
  • 1946 ж. 8 шілде- Жамбылдың мұражайы мен кесенесі ашылды.

   Сабақты Жамалбек Ақылбайұлының «Жамбылым» өлеңімен аяқтағым келеді.

3.Бағалау.

4.Үйге тапсырма:

1) өлеңді жаттап келу;

2) ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдерді жазу. «Жамбыл әлемі» тақырыбына эссе жазып келу.