Жаңа жыл сценарий

І жүргізуші: Салеметсіздерме! Құрметті қонақтар!

ІІ жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар!

 І жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Тауық  жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

ІІ жүргізуші:

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

І жүргізуші: Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүреміз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай

, Шырша тұрар мәңгілік! (І жүргізушіге) Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.

 ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар  атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!

І жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жылы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

ІІ жүргізуші: Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Жумагулова Бикеш Қатранқызына… береміз.

І жүргізуші:  Жаңа жыл — қайсарлық пен жүректілік,

Баратын болашаққа білек түріп.

Әдемі тілектерге қол соғамыз

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

 І жүргізуші: Бүгінгі «Көңіл ашар» атты жаңажылдық кешіміз 5сайыстан тұрады. Жарысқа жоғары сыныптар қатысқалы түр.Жарысымыз 5-кезеңнен тұрады: 1-ші кезең «Дәрігер», 2-ші кезең«Мектеп, ұстаз, оқушы», 3-ші кезең «Май қызметкерлері», 4-ші кезең«Отбасы» және 5-ші кезең әр топ көрермендермен бір ойын ойнатады.

ІІ жүргізуші: Тапқырлардың тапқыры, алғырлардың алғыры оза шыққан сайыскерлерімізге әділ баға қоятын әділ-қазылармен таныс болайық: 1-………………………………………………….

2-…………………………………………………

3-…………………………………………………

І жүргізуші: Олай болса бүгінгі кештің көрігін келтіретін, сіздерге тамаша көңіл-күй сыйлайтын топтарды ду-қол қошеметпен ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер!Сахна төріне қатысушы командаларды шақырамыз.

ІІ жүргізуші:Қолың шипа,дертке дауа сөздерің,

Жылу берер күлімдеген көздерің

Денсаулығың мықты болсын дәрігер,

Көп болсыншы ауру жеңген кездерің.  Бірінші кезең ақ халатты абзал жандарға арналады. «Дәрігер»

Әділ-қазылар  бағалай отырады.

 

Сайысымыздың 2-ші кезеңі «Мектеп, ұстаз, оқушы». Топтарымыздың өнерін тамашалайық.

 

І жүргізуші

Білімнің ғана тиегі,

Мектебін ғана сүйеді.

Қарапайым мамандық –

Ұстаздық атты киелі.

ІІ жүргізуші:

Бойына жиған нұр ағын,

Білімнің жаққан шырағын.

Шәкіртімен көркейер

Қастерлі тұлға – МҰҒАЛІМ!

 

Сайысымыздың 3-ші кезеңі «Май қызметкерлері». Топтарымыздың өнеріне назар аударайық.

 

ІІ жүргізуші:

Бақылап жол тәртібін,

Өткізетін әр күнін.

Реттеушіні көрдім мен,

Қиылыстан дәл бүгін.

Ала таяқ қолында,

Айтары көп оның да.

Не істеу керек, тұрса

Реттеуші жолында.

 

Сайысымыздың 4-ші  кезеңі «Отбасы»

 

 

І жүргізуші: Отбасы — жылы ұямыз,

Тірегі ата — анамыз.

Уыз, сүт еміп осында

Уылжып біздер өсеміз.

 

ІІ жүргізуші: Осында үлгі аламыз,

Осында адам боламыз.

Еркелеп, ойнап, еліктеп,

Осында өсіп толамыз.