Жол ережесін білейік, аман есен жүрейік
Тақырыбы: Жол ережесін білейік, аман есен жүрейік.
Мақсаты: ойынды тәрбие құралы ретінде пайдаланып, жол ережесін жасына сай меңгеру. Қалыптасқан түсініктерін, білімдерін пысықтап, адам үшін қажеттілігін түсіндіру. Көшеде жүру ережесін білдіру арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: рульдер, белгілер, жол белгілерінің суреттері, бағдаршам.
Барысы: Балалар екі-екіден кіреді, алдынғы бала жүргізуші, қолында рулі бар, артындағы бала жолаушы қатарласып тұрады.
Оқушылар: Жолда жүру ережесінің жеңімпаздарының атынан жалынды сәлем.
Мұғалім сабақтың тақырыбын және мақсатын айтады.
1-оқушы: Сапар шексіз сіз бен біз
Сан көлікке мінеміз
Троллейбус, трамвай
Автобуспен жүреміз
2-оқушы:Көлік, көлік, көлік
Көліктерге мінеміз
Көшелермен көшелермен
Күнде тынбай жүреміз
3-оқушы.Тәртіп бұзсақ абайсыз
Жағдай туар қолайсыз
МАИ қызметкерлерінен
Сан кешірім сұраймыз
4-оқушы.Жолда жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз
Сақтағанда қатерден
Сау-саламат жүреміз
5-оқушы:Үш түсті түрлі бар
Жөн сілтер тілі бар
Бағдаршам дегенннің
Сырын жақсы біліп ал
6-оқушы: Қызыл көз жанарда
Тоқтай қал әманда
Сары түс ескерту
Дайын бол табанда
7-оқушы: Жасыл көз жарасты
Алдыңнан жол ашты
өте бер асықпай
жолыңмен қарасты
Мұғалім: Балалар, мен сендерге мынадай жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріндерші.
Аяғы жоқ жүрмейді
Аузы жоқ сөйлейді
Міне, балалар, бізге бүгін көшеден қонаққа кім келіпті?
Оқушылар: Бағдаршам.
Мұғалім: Бағдаршам — өмірімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамыздың міндетіміз. Бағдаршам – жол элементтерінің ішіндегі ең ерте қолданыла бастаған. Қазір бағдаршамның жасы жүзден асып кетті, оның кескін-келбеті де, құрлысы да әлденеше рет жаңарды. Ол жол қозғалысына қатысылушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.
Балалар бері қараңдар, бағдаршамның сендер әкелген тапсырмалары бар екен.
Бағдаршам:Сәлеметсіндерме, балалар?
Балалар: Сәлеметсіз бе, құрметті бағдаршам?
Бағдаршам: Балалар мен бүгін сендерге сұрақтар ойын сөзжұмбақ әкелдім. Енді ойынымызды бастайық.
«Бағдаршам құрайық» ойыны ойналады.
Мұғалім: Бағдаршам ойнының шарты. Таяқшалары алғаннан кейін оқушылар үш жерге топталып тұра қалады, бағдаршам белгілерді көтереді: қызыл көтергенде – тұр, сары-күт, жасыл-жүр.
Хормен: Қызыл көзін ашқанда
Сынақ сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда өте бергін жасқанба
Мұғалім: Жарайсындар, балалар, бағдаршамның енді сендерген арнап әкелген сөзжұмбағы бар, ол үшін мына жұмбақтарды шешесіндер сөзжұмбақ ты да шешесіндер.
«Бағдаршам» сөзжұмбағын ұсынды.
Бағдаршам: Мен сендердің білімдеріңді сынамақ үшін сабақтар ала келдім.
- Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды?
- Қала көшесінде келе жатқанда қандай жермен жүру керек?
- Көше тәртібін не басқарады?
- Автобус, машина артына жапбысуға бола ма?
- Жолдың қай жағымен жүру керек?
- Көшеде келе жатқанда немесе қақпадан шыққанда келе жатқан машинаны көрсең не істеу керек?
- Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда кімдерге өтуге рұқсат етілген?
- Қалаға барғанда қоғамдық көлікке қай жерден отырамыз?
- Балалар сендерге қай жастан бастап велосипедпен жүруге рұқсат етіледі?
- Реттеуші деген кім?
Бағдарша болып киінген оқушы ортаға шығып өлеңі жолдарын оқиды.
1-оқушы.Қызыл көзі жанғанда
Қалт тоқтай қал табанда
2-оқушы. Сары көзі жанғанда
Сақ, абай бол барынша
3-оқушы. Жасыл жарық жол ашық
Жүгіре бер бел асып
Хормен: бас аяқты ойланып
Бол ұқыпты жолда
-Балалар, жолда жүру ережесін бәріміз білеміз бе?
-Олай болса жолдан қалай өтеміз көрсетіп жіберейік.
Көрніс.
Үш оқушы бағдаршам болып тұрады. Бір оқушы мектептен шығып жолдан қалай өту керектігін көрсетеді.
Қызыл: тоқтап тұрады
Сары: дайындалады
Жасыл жанғанда: Жолдан өтеді
Мұғалім: Енді бағдаршамның жұмбақтары бар екен, соны шешіп көрейік.
- Сом дене, табаны бар сонша тісті,
Бір өзі бітіреді сонша істі
(Трактор)
- Кеудесінде жаны жоқ
Тамырында қаны жоқ
Май жейді
Су ішеді
(Машина)
- Қамшыласаң жүрмеймін
Мініп алып тебінсең
Кідіруді білмейді.
(Велесипед)
Мұғалім: Жарайсындар! Енді ойынымызды жалғастырайық. Келесі ойынның аты – «Жанатын бағдаршам».
Бағдаршам қызыл көзі көрсеткеде қозғалмай тұрды. Сары көзі жанғанда қол шапалақтайды. Жасыл көзі жанғанда орнында тұрып жүреді де, сәлден кейін:
әрқашан күн сөнбесін
аспанан бұлт төнбесін
қасымда болса анам
болмайдын мен де аман – деп орындарына отырады.
Бағдаршам: Қай көше қай қалаға барсаңызда,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жолда жүру ережесі-заңды тәртіп,
Ол артық үлкен-кіші баршамызға.
Басталар әр қадамың аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменен.
Қорытынды.
Мұғалім: Ал, балалар,біз бүгін не үйрендік,немен таныстық?
-Жолда жүру ережелерімен,бағдаршаммен.
-Бағдаршамның бізге пайдасы бар ма?
-Бар, ол бізді жол апатынан сақтауға көмектеседі.
-Бағдаршамның тілін алуымыз керек пе?
— Тілін алуымыз керек.
-Осымен біздің ойын сабағымыз аяқталды.