Ізеттілік шығарма

 

Мен бүгін автобусқа міндім. Автобуста адам аз екен. Сосын бос орынға жайғасып отыра қалдым. Бір мезетте аялдамадан әже мінді. Қолында таяғы бар. Және ауыр  сөмкесі бар. Дереу түрегеліп, әженің сөмкесін көтерісіп, орын бердім. Қария болса менің басымнан сипап, алғысын айтты.

-Жарайсың қызым. Өркенің өссін. Тәрбиелі бала екенсің. Ізеттілік танытып жатқаныңа қуанып қалдым. Қайда жүрсең де, аман бол,-деп батасын берді. Ал мен рақметімді айтып, келесі аялдамадан түсіп қалдым. Үйге жеткенше маз болып келдім. Анам маған ізеттілік көрсеткеніме риза болды. Бетімнен сүйді.

 

Жанерке Жоламан

№73жалпы білім беретін орта мектептің 1а сынып оқушысы

Жетекшісі Ерлепесова.А.Б