«Ар-ұждан- адамдық өлшемі»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Мектеп: Жаңажол орта жалпы білім беретін

Мерзiм: ________________    10 сабақ

Тақырып:   «Ар-ұждан- адамдық өлшемі»

Құндылық:  Ішкі тыныштық

Қасиеттер: шыдамдылық, табандылық, сабырлылық

Мұғалiм:  Батырғалиева Г.Ғ.   Сынып:   11        Оқушылар саны:  11

 

Сабақ мақсаты: адам туы ар-ұждан туралы түсінігін дамыта отырып, ішкі тыныштық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту,

Міндеттері:

-адам өміріндегі ар мен ұжданның мәнін аша отырып, адам өмірін реттеуші, шыдамдылық қасиеттердің өлшемі екенін таныту.

-ар тазалығына жету үшін өз әркетін талдап кемшілігін танып, жан сұлулығы арқылы табандылыққа баулу.

-өмірлік әрекетіне, өз мінез құлқына сараптама жасап, сабырлылыққа тәрбиелеу.

 

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi. (баяу әуенмен) «Орманға ойша саяхат»    

2. Үй тапсырмасын тексеру.

10-сабақ  І.Есенберлин. Махаббат мейрамы (үзінді)

-Қалай ойлайсыздар, Қайназарға тоқтау салатын күшбарма?-Осындай адамдар өмірді кездесе ме?

 

Сабақ барысын талқылау:
3. Дәйек сөз.

«Ар-ождан алдындағы адалдық өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты».

Әбу Нәсір әл-Фараби

Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады.
4.Әңгiмелеу (сұхбат). .

П. Джон «Бозорамал»

-Әңгіме не туралы? Кім туралы айтылған ?

-Әңгіменің негізгі ойы қандай?

-Кім өз өмірлерінен мысал келтіре алады?

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Ар-ұжданыма саяхат» тақырыбындаэссе жазу

 

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді.
6.Топпен ән айту.

Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов

Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді
7.Үй тапсырмасы.

11-сабақ Т.Айбергенов «Біздің жігіттер»

 

Күнделіктеріне  жазады.
8.Соңғы тыныштық сәтi. (баяу әуенмен)

-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,

бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезесіңдер.

Ал енді көздеріңді ашыңдар.