Менің сүйікті үй жануарым

Менің сүйікті үй жануарым

Менің кішкентай мысығым бар. Оның аты-Монти. Ол өте сүйкімді әрі аппақ.

Монти сезімтал. Үнемі сергек жүреді. Оның сүйікті ойыншығы-доп. Мен допты тығып қойсам,ол іздеп тауып алады. Ағам екеуміз мысығымызға сүт береміз. Жексенбі сайын жуындырамыз. Сосын жеңілдеп, тәтті ұйқыға кетеді.

Монти таза ауада серуендегенді ұнатады. Ағам екеуміздің сабақтан келгенімізді асыға күтеді. Монти -сүйкімді мысық.

 

Жанерке Жоламан

№73 жалпы білім беретін орта мектептің 1 а сынып оқушысы

Жетекшісі Ерлепесова Ақмұнар Болатқызы