Музыкалық-дидактикалық ойындар арқылы балалардың қимыл-қозғалысын, мәнерлеп сөйлеуін қалыптастыру

 

Музыкалық-дидактикалық ойындар арқылы балалардың қимыл-қозғалысын, мәнерлеп сөйлеуін қалыптастыру

Өнердің көптеген түрлерінің арасында музыка жан-жақты даму мен адамның үйлесімді дамуы үшін эстетикалық және көркем тәрбиелеуде ерекше рөл атқаратыны белгілі. Музыка тілі бай, икемді және көп түрлі. «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең» деген Абай атамыздың сөзі қазақ халқының да шыр етіп бала дүниеге келген сәттен бастап сәбиді музыка арқылы тәрбиелеп, өсіргеніне куә.

Музыкалық-дидактикалық ойын оқыту мен тәрбиелеудің құралы ретінде кеңінен қолданылады. Дидактикалық ойын оқыту үдерісін әлдеқайда жеңіл, қызықты етеді: ойын барысындағы қандай да бір ақыл-ойды дамытуға арналған мәселе балалар үшін қолжетімді және тартымды түрде шешіледі. Ойын белгілерін ұзағырақ сақтаған сайын, балаларға ол соғұрлым көп мөлшерде қуаныш сыйлайды.

Музыкалық-дидактикалық ойын ойынның соңы болып табылатын белгілі бір нәтижеге ие. Мысалы, жұмбақтың шешуін табу, тапсырмаларды орындау, т.б. ойынның нәтижесі болып табылады және балалар оны жетістік ретінде түсінеді.

Дидактикалық ойын психикалық дамуы тежелген балалардың ақыл-ой әрекетіндегі түрлі қиындықтарды жеңуге көмектесуде таптырмас құрал болып табылады.

Жеке (индивидуальды) дидактикалық ойынды ұйымдастыра отырып, тәрбиеші индивидуальды қарым-қатынас үшін қолайлы жағдайлар құрады, дамымай, артта қалудың себептерін анықтайды, балаларды көп мәрте жаттықтырады, олардың дамуының деңгейін жоғарылатады.

Е.И.Тихеева атап өткеніндей, музыкалық-дидактикалық ойын терең тәрбиелеу құралы болып табылады: «Бұл ойындарды тек олардың анық дидактикалық мақсаты жағынан ғана бағалауға болмайды. Бұл ойындар адам тұлғасының барлық қырынан дамуына ықпал етеді: олар балаларды ұйымдастырады, олардың өз бетінше дербес әрекет етуін арттырады».

Дидактикалық ойын, сондай-ақ, еріктіліктің дамуына әсер етеді.

Ритмикалық естуді дамытуға арналған музыкалық-дидактикалық ойындар: «Тауық – қораз – балапан»; «Музыкалық балталар», «Көңілді сырнайлар».

Тембрлік және динамикалық естуді дамытуға арналған музыкалық-дидактикалық ойындар:

«Музыкалық саймандар», «Ең байқампазы кім?», «Қандай аспапта ойнап жатқанымды тап», «Қатты және жай музыкалар», «Музыкальды дүкен».

Танымдық  және  сөйлеу  іс-әрекетінің  дамуына  жеткізетін  әдістердің  бірі  –  ойын.  Ойын баланың өзінің қарым-қатынасқа деген қажеттігін, сезімдерін, ойларын және эмоцияларын сыртқа шығаруын  қамтиды.  Ойынды  дұрыс  ұйымдастыру  арқылы  баланың  сөздік  қоры  дамиды,  басқа балалармен  қарым-қатынаста  өзін  еркін  сезінуі  және  қоршаған  ортаға  байланысты  білімдерін кеңейтеді. Ойын барысында қолданған сөздерді бала күнделікті өмірде қолданатын сөздік қорына кіргізеді. Бала  белгілі  әлеуметтік  ортада  өсіп,  айналасындағы  заттар  мен  құбылыстарды  танып біледі, олармен тікелей қарым-қатынастарда әсерленіп, бойындағы табиғи қасиеттерін жетілдіріп, ақыл-ой  сезімін  таным  әрекетімен  байланыстырады.  Сезімнің  бұл  түрі  балалардың  оқып  білім алуын, дүниетанымын, көзқарасын қалыптастырады.

 

«Көлеңке» ойыны

Балалар бір-біріне қарама-қарсы жұп болып тұрып, әндетіп қимыл көрсетеді. Сол қимылды оған қарама-қарсы тұрған бала қайталайды.

Көлбең-көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем,

Қане қатар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

 

Көлбең-көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем,

Бүркіт қалай бүреді?

Кім көрсете біледі?

Осылайша, әр түрлі жануарларды бейнелеуге болады.

 

«Қоянның көзін жушы» ойыны

(аюдың немесе т.с.с.)

Мақсаты: саусақ қимылдарын дамыту. Ересектердің көрсетуі бойынша әрекет ету; жаттығуды орындауға жағымды эмоциональды қатынас орнату.

«Су, су!

Қоянның бетін жушы,

Қоянның көзін жушы (өзі жуынады),

Қоянның аузын жушы,

Қоянның мұрнын жушы.

Міне, қоян, жуынып, достарымен қыдырып кетті.

Ойын соңында балаларды мадақтау керек.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Иншаков О.ВРазвитие и корр. графо- моторных навыков у детей 5-7 лет. Корр.Пед(Владос) 2005г.
  2. Козлова В.М. Психол.коррекция умственного развития школьников. Академия.2001г.
  3. Дружинин   В.Н.  Психология – Питер; 2002.
  4. Немов Р.С.  Психология.- Москва ., І-ІІ-ІІІ том. 1998,
  5. Анищенкова, Е.С. Логопедическая ритмика для развития речи дошкольников / Е.С. Анищенкова. — М.: ИЗДАТЕЛЬСТВО «АСТ», 2005
  6. Е.В.Конорова «Танцы в школе», Москва, 1960г.