1-маусым балаларды қорғаудың Халықаралық күніне арналған «Әрқашан күн сөнбесін» атты  мерекелік концерт

Балабақша ауласын әсем безендірілген, кілем төселіп, орындықтар қойылған. Музыка ойналады.

Жүрг.:                 Құрметті де, сүйікті балалар және қонақтар! Бүгін Халықаралық Балаларды қорғау күні, бұл мерекені дүниежүзі тойлайды. Мерекелерін құтты болсын, балалар!

Ерұлан:     Балалар бақшасында бүгін той!

Балаларды қорғау күні біліп қой.

Алақай-ау, алақай,

Той тойлайық балақай

Қызарғанша алақан,

Кел, соғайық балақай.

Жүрг.:           Құлпырған жаздың алғашқы күні, бүлдіршіндерімізді шексіз қуанышқа бөлеген 1-маусым балаларды қорғаудың Халықаралық күніне арналған «Әрқашан күн сөнбесін» атты  мерекелік концертімізді бастаймыз.

Алдарыңызда «Жас дәуірдің түлегіміз» әнімен Айдана, Жігер, Нұрайым, Асаль, Іңкәр.

 

Жүрг.:                 Балалық шақ – нағыз бал шақ. Еш нәрсеге  алаңдамай, уайымсыз, қайғысыз жүгіріп ойнап жүретін уақыт.

 

Нұрайым:  Жүреді олар арман болып,

Тұрады олар маржан болып,

Балалардың бақыты,

Аналардың арманы

«шарлар биі» Айда, Мариям, Аңсаған, Медина.

Аида:                   Первое июня

Наступило лето

В теплом июньским

Вся земля согрета

Ән «Көбелек» орындайтындар Жігер, Нұрайым.

 

Жүрг.:        «Адамның бір қызығы бала»- деп Абай атамыз айтқандай, бала-адамның да, өмірдің де қызығы ғой. Бала – ұрпақ жалғасы, халықтың мұрагері.

Жігер:        Біз бүлдіршін балақанбыз,

Кіп-кішкентай балапанбыз,

Ақ мамамыз әлпештеген,

Нәзік жанды балалармыз,

«Моряк биі» билейтіндер Ерұлан, Санжар, Диас, Қайнар

Жүрг.:        «Баға жетпес бақытымыз — балаларымыз». Олай болса,

Нұрдос:     Біз балапан балдырғанбыз,

Үміт отын жандырғанбыз,

Бақытты ел ұланымыз

Бейбітшілік қыранымыз

Ән «Көңілді жаңбыр» орындайтындар Нұрайым, Асаль.

 

Асаль:        С днем защиты детей!

Детства, счастья, затей

Чтобы дети не знали

Ни войны, ни печали

«Жігіттер биі» Расул, Жігер,

Балапан келуі:    Саламатсыздар ма, балалар, Мен сендерге әдейілеп келдім. Сендерді құттықтайын деп, сендермен той тойлайын деп, рұқсат па?

Ойын «Ұшты-ұшты».

 

Еркеназ:    Ән айтайық қосылып,

Сәбилердің бұл күні

Мақтап кетсін осы жұрт,

Балалар деп үлгілі,

Ән «Солдат болам мен ертең» орындайтындар Ерұлан, Әлихан, Санжар.

 

Перизат:    Гүлмен келсін келер күн,

Бала бағы бар елдің

Балалардың күлкісі

Көркі, сәні әлемнің

«Кішкентай жұлдыздар» биі Нұрайым, Айдана, Іңкәр

 

Мысық пен Аю келуі.

Мысық:      Сүйкімді балалар, бүгінгі сендердің тойларың жер бетіндегі балаларды қорғау мерекесімен құттықтаймын.

Аю:            Жасыл әлем, жарқын жаз

Келді гүлмен, өрнекпен,

Ел бақытты мерейлі

Балалары әндеткен

Мысық:      Ән көмейден құйылды,

Қайғы бұлтты шегінді

Балалармен дүние

Көрікті де көңілді,

Кел балалар, біздер де сендермен бірге той тойлайық.

 

Дильнар:   Арманы бір, үні бір,

Аға ардақты, іні-гүл

Бақыт туын көтерген

Балалардың күні бұл.

Ән «Біздің балабақшамыз» орындайтындар Әлихан, Қарақат, Ерұлан

 

Жүрг.:                 Әр шаңыраққа бақыт пен шаттық, балаларымыздың дені сау, үлкен азамат болып өсуін, әрі кең-байтақ елімізге молшылық пен құт береке тілейміз.

Аяулым:    Бізбен бірге бар әлем,

Қуанады балаша.

Қуанышқа бөленген,

Өмір қандай тамаша,

Флешмоб тамашалаңыздар.

Айдана:     Первое июня-

День больших затей,

День защиты в мире

Маленьких детей

Ән «Қарлығаш» орындайтын Кәусар мен Айару

 

Жүрг.:                 Ендеше, балаларымыздың мерекесі құтты болсын! Әрбір отбасында балалар саны артып, еліміздің тұғырын биік ұстайтын бүлдіршіндеріміз өсе берсін.

Би «Поппури» Ерұлан, Әлихан, Аяулым,Қарақат

 

Жүрг.:                 Біздің бәріміздің тілегіміз бір, ол бейбітшілік пен ынтымақ. «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындайық

 

Жүрг.:                 Бүлдіршіндеріміздің мерекесімен құттықтау сөз балабақша меңгерушісі Гүлбаршын Досбергенқызына беріледі.

Жүрг.:                 «Әрқашан күн сөнбесін» атты балаларды қорғау күніне арналған концертіміз аяқталды. Келесі кездескенше күн жақсы болғай.