Қазақ тілінің грамматикасының ерекшелігі

 

 

 

Бала бақшадағы тәрбиелеу –оқыту  жұмысында  балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту,  ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін  күнделікті өмірде  еркін қолдану, әрі оны күнделікті  іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Ауызекі сөйлеуде  сөздерде әртүрлі грамматикалық формада (септеу,жіктеу,жекеше,көпше) түрлерін қолдану болып табылады.

Қазақ тілінде12 дауысты дыбыс оның ішінде 5-еуі Ә,Ө,Ұ,Ү,І, қазақ тіліне  ерекше жатады. Басқа екі қосынды дауысты дифтонгтер И,У.

Орыс тілінен енген Э.

Дауыссыз  дыбыстар жуан және жіңішке болып бөлінбейді.Сөздегі жуан ,жіңішке дауыстылардың  дауыссыздарға әсері болады. Мысалы: Бол-бөл, Зор-зер.

Тек жуан сөзде  қолданылатын  екі дауыссыз дыбыс бар.

Олар Қ,Ғ.

Мысалы: ҚАҒАЗ; ҒАЛАМ ҚАЗАҚ АҚЫН.

Ал ,керсінше К, Г,  тек жіңішке сөзде қолданылады.

Мысалы:ГҮЛ, КӨК, КӨКТЕМ, БЕЛГІЛІ, ГҮРСІЛ.

Екпін (ударения) ең соңғы буынға қойылады . Қазақ тілінде род жоқ. Падеж- септеу тек қана зат есімге қатысты.

Ең басты мәселе қазақ грамматикасында  ол сөзге жалғанған жұрнақтармен жалғаулардың дұрыс қосылып, дұрыс айтылуы. Мысалы: БАЛА-ЛАР көбінесе БАЛА-ДАР деп айтады  ол дұрыс емес.

Тіл дамытудың ең басты мәселесі  байланыстырып сөйлеу . Балаларды  ертегіні мазмұндатып үйрету. Ал , кез келген ертегінің  басы , ортасы , аяғы болады. Сол бойынша сұрақ қоя отырып  әңгімелей білуге үйрету. Суреттер  бойынша әңгіме құрау  да балалардың сөздік қорларын дамытады.

 

 

 

Ең бастысы қазақтың спецификалық  дыбыстарын  дұрыс айтып , қолдана білу. Олар Қ,Ғ, Ң, Ә, Ү, Ұ, бар сөздерді жиі қолданған жөн.

Сөз таптарының байланысы арқылы (зат есім,  сын есім, сан есім т.б.

Өткен шақ(отырды), Осы шақ (отыр), Келер шақ(отырар).

Балаларды ұжыммен әңгіме құрай білуге үйрету. Ол үшін «Біздің бөлме» тақырыбын  алған дұрыс. Мысалы: Біздің бөлмеде  ойыншық  көп. Біз олармен  ————— (ойнаймыз).

Сабақта бала сөзді не сөйлемді дұрыс айтып отырмаса  оны түзетіп отырған дұрыс. Мынадай сұрақтар қойылса бала ойланып ой -өрісін дамытып жауап береді . Оны қашан? Қайда? Неліктен? Не себепті? Жауапты толық жауап берулерін қадағалаған абзал.