Сананың жаңғыруы

Сананың жаңғыруы

Алдағы екі-үш жыл көлемінде елімізде елеулі оң өзгерістер, жаңа белестер және рухани ұлттық жаңғыру орын алмақ. Бұған басты дәлел-Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз латын әліпбиіне біртіндеп көше бастаймыз» деген сөзі. Бұл бастаманы әлемдік дамыған 30 елдің қатарына кіру қарекеті және қоғамдық сананы жаңғыртудың бір бағыты, ұлттық бірегейлікті сақтаудың дара жолы деп ойлаймын.

Латын әліпбиіне көшуді ең алғаш Әзірбайжан, Қазақстан, Түркия халқының зиялылары бастаған. Он жылдан кейін 1940 жылы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданған. Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келеді. Қазақ халқының асыл мұралары латын қарпінде жазылып, сақталғаны баршамызға мәлім. Латын әліпбиіне көшу мәселесі жөнінде қоғам өз ойларын айтты. Дегенмен, латын әліпбиіне көшуді оған қайтадан оралу деп түсінуіміз қажет. Ағылшын тілін білетін жастарға латынша оқу қиындық туғызбайды. Себебі, ұялы байланыстағы хабарламалардың көпшілігі осы графикамен жазылуда.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айқындалғандай, әліпбидің өзіндік стандарты, арнайы бағдарламасы, әдістемесі, іс қағаздар мен құжаттар латын әліпбиімен басылып шығарылатын болады. Сондай-ақ, «100 жаңа оқулық» жобасының да өскелең ұрпаққа берері мол. Дүйім жұрт жаңа әліпби арқылы әлемдік өзгерістер көшіне еркін ілесе алатын болады.

Латын әліпбиіне көшуге байланысты мемлекеттік мекеме, бюджеттік мекеме қызметкерлері және зейнеткерлер мен жастар арасында тоқсанына бір рет сауалнама жүргізіліп, оның қорытынды есебі облыстық тілдер басқармасына берілуде. Алда «Туған жер» бағдарламасы бойынша тіл үйренушілер арасында танымдық сабақтар, саяхат сабақтар, байқаулар мен кездесулер өткізілетін болады.

Мен Елбасының мақаласы аясында айтылған мемлекеттік міндеттерді толықтай қолдаймын. Барша халықты қазақ тілін латын графикасына көшіруді ілгерілету үшін үлес қосуға шақырамын.

Баян Қалмағанбетова, Арқалық қалалық тілдерді оқыту орталығының директоры.