Отбасы-аялы алақан мекені

Тақырыбы: «Отбасы-аялы алақан мекені.»
Мақсаты:
 Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру.
Міндеті:
 Отбасы  құндылығын түсіну қабілетін қалыптастыру.
Отбасы мүшелерінің міндеттерін орындауға байланысты қолданылатын
біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Көрнекілігі:
 Қанатты сөздер, қабырға газеті, бейнетаспа, үнтаспа.


Гаухар:  Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады.
«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен,
тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.

Нұрлыбек: Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз.
Бүгін біз «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда
бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға
салмақпыз.

 

Гаухар:  Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы
шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына
бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді.

Нұрлыбек: Отбасы мүшелерінің  жауапкершілігі толығымен ер азаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел  ананың тікелей міндеті.

Гаухар: Әкең-қазақ, шешең-қазақ, қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан даланың
Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік қасиет деп санағын, дей отырып бүгінгі біздің «Отбасы-аялы алақан мекені», атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер.

 

Ән: Абылай Элеонора, Абылай Анель – «Қазақтың баласы».


Нұрлыбек: Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе?
Сол құдірет иесінің  алдында бәріміз бас июге тиіспіз.
Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс.
Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.
Олай болса, алған білімімізді, тәрбиемізді, өнерімізді көрсететін  кезде  жетті.

 

«Испан биі» 5 сынып қыздары.

 

Гаухар:  «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да  ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу  үшін әркімнің өз тәжірибесі  жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысуы керек деп қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Мағжан Жұмабаев айтқан. Әрбір отбасына бақыт, қуаныш, табыс тілейміз. Үміт еткен балаларыңыз үміттеріңізді ақтап тек биіктен көрініп, жемісін берсін.

 

Тақпақ: 5-6 сынып оқушылары

 

Нұрлыбек: Отбасы – шағын мемлекет. Ол — тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.

 

Ән «Сәулетті мектебім» орындайтын Айса Дильназ

 

Гаухар: Отбасы — алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата – анадан алады. Олай болса баланың бас ұстазы — ата — ана. Ұлы Абай бұл туралы
«Ата — анаға көз қуаныш —
Алдына алған еркесі.
Көкірегіне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі» деп жыр еткен.

 

Авторлық шығарма 5-6 сыныптар

 

Нұрлыбек: Шариғатта да отбасы жоғары бағаланып, оның бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. «Балалар — ата — аналар қолына берілген аяулы аманат». Ата — анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Қай ата — ана болмасын баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды.

 

Гаухар:
Сырымды менің бес саусақтай біледі,
Біздер үшін бөлек жаны, жүрегі.
Қамқор жанды одан басқа көргем жоқ,
Біздер үшін бақыт іздеп жүреді.

Ән «Астана» орындайтын Талғатбек Динара

Нұрлыбек:

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан —
Өле — өлгенше соны таныр қияда

 

Гаухар:
Өнер — білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.
Ата — анадан өсіп ұрпақ тараған,
Жақсы — жаман болса бала солардан, — деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, ата — ананың бақыты баланың дұрыс адам боп өсуіне байланысты. Ал балаларыңыздың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы  ата — аналар сіздерге байланысты. Ал, оқушылар, сіздер болашақта ата — ананың үмітін ақтар, елін сүйер саналы азамат болады деген сенімдеміз.

Хор «Егемен ел – Қазақстан!»

 

Гаухар: Осымен «Отбасы-аялы алақан» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз

Нұрлыбек: Қош сау болыныздар!