Психологтар кеңесі

Шаяхметова Зайра Ормантаевна
Пелагог-психолог средней школы №36
Общий педагогический стаж 29 лет

Бала мен ата-ана қарым-қатынасының маңыздылығына қарай кеңестер әуелі ата-аналарға, одан кейін мұғалімдерге беріледі:

-Ата-аналарға балаларына қарым-қатынасын өзгертуге кеңес беріледі; жазалаудың кей түрін өзгерту, балаға еркін әрекет жасауға, дербестікке мүмкіндік беру, шектен тыс қамқор болуды қысқарту. Баласына үлгі өнеге болуға тырысу, өз қорқынышыңды балаға бермеу, оның қорыққаны үшін реніш білдірмеу, сынамау, қорқыныштан тек сырттай қорғап емес, оның себебін тауып көмектесуге ұмтылу.
-Қорқыныш сезімін болдырмау үшін, алдын-алу үшін жанұяда жағымды ахуал тудырып, театрға, паркке, аттракциондарға, қала сыртына демалып, күйзелістен арылуға, көңіл-күймен тонус көтеретін орындарға баламен бірге бару.

-Педагогтарға баланың орнықты психикалық қалпын сақтау кейбір баланың осындай проблемаға бейім екенін, олардың тұлғалық проблемалары, қорқынышы күйзеліске бейімділігін ескеру керек екендігін ұмытпау керек. Бұлар баланың бірқалыпты әрекетпен айналысуына, қарым-қатынас жасауына кесел келтіріп, қиындыққа алып келуі мүмкін.

-Қорқақ, күйзеліске бейім балалар педагогтың ерекше назарын қажет етеді. Балаға сенім, үміт арту бірқалыпты, жай дауыспен сөйлеу, өте артық қамқорлық көрсетуден босату, ұжымдық жұмыстарға баланы белсенді араластыру да қорқыныштан арылтады.

 

Мектеп психологының құқығы мен міндеттері

Өзінің кәсіптік әрекетінде психолог міндетті:
1. Білім беру саласындағы Республика заңдағы орындауға;
2. Шешім қабылдап, сұрақтарды қарастуды кәсіптік шеберлік шеңберінен аспауға ;
3. Өзінің кәсіптік білімін үнемі арттырып отырға ;
4. Нақты кәсіптік білімі жоқ адамдардың диагностикалық ,коррекциялык зерттеулер жүргізуіне тыйым салуға;
5. Барлық мәселелерді шешуде балалардың психикалық дамуын ескеруге;
6. Атқарылатын жұмыстардың міндеттері мен әдістері туралы нұсқауларды кәсіптік жағына басқаратын мамандар бергенде ғана орындауға;
7. Баланың психикалық дамуын шешу мәселесінде мектеп ұжымына қажет көмектерді көрсетуге;
8. Кәсіптік құпияны жарияламауға;
9. Барлық жұмыс түрлерін жазып, тіркеп отыруға.

 

Психологиялық жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асады:

ПСИХОПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС – ата-аналарға, оқушыларға, ұстаздарға психологиялық білімінің қажет екендігін, әрі оны өз жұмыстарында дұрыс пайдалана білу мен жеке басының дамуына өз септігін тигізетіндігін, әр баланың жас кезендеріне байланысты жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау, интеллектуалдық және тұлғалық қалыптасуына кедергі болатын жағдайларды дер кезінде анықтау, әрі олармен жұмыс жүргізу.

                                                            Мектеп психологының негізгі әрекеті

— бірінші сыныпқа қабылдау;
— бастауыш буынға бейімделу;
— орта буынға бейімделу;
— жеткіншектердің күйзелісі;
— жоғары буынға бейімделу.

Мектептегі бастауыш буынының бейімделуі

Бейімделу кезеңінің міндеттері қандай?
Бірінші сыныптар үшін:
— оқушы роліне енуге көмектесу;
— бағалау, өзін-өзі бағалау түсінігін және олардың критерилерін енгізу;
— балаға сұрақ қоюға үйрету;
— ата-аналарды «оқушы ата-анасы» роліне дайындау.

 Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуін анықтау мақсатында комплекстік іс шаралар өткіземіз. Олар мыналардан құралады:

— ата-аналардан сауалнама алу;
— балалардың интеллектуалдық дамуын бағалау;
— оқушылардың мотивациялық салаларын зерттеу.

Психодиагностикалық зерттеулер келесі әдістемелер бойынша жүргізіледі.

9 сыныптарда –
— оқуға деген ынтасын анықтау мақсатында «Оқу мотивациясы» сауанамасы;
— топтағы орнын анықтау мақсатында «Морено тесті»;
— білімділік деңгейін анықтау мақсатында «ШТУР»
— кәсіби таңдауын анықтау мақсатында Е.А. Климовтың «ДДО-сауалнамасы»;
— танымдық қызығушылығын зерттеу мақсатында «Қызығушылық картасы»
— кәсіби мінез-құлық типін анықтау мақсатында «Дж Холланд тесті».
10 сыныптарда –
— белгілі бір мамандыққа бейімділігін анықтау мақсатында Л. Йовяйщи әдістемесі;
— оқушылардың әр түрлі салаларына қатысты құзырлықтарын бақылау;
— интеллектуалды мүмкіншілігін анықтау мақсатында П. Ржичан тесті;
— «Сандық қатар заңдылықтары» логикалық аспектісіне баға беру;
— адамның ашықтығы мен кісілерге жақындығын анықтау мақсатында В.Ф.Ряховскийдің тесті.
11 сыныптарда –
— оқуға деген ынтасын анықтау мақсатында «Оқу мотивациясы» сауанамасы;
— топтағы орнын анықтау мақсатында «Морено тесті»;
— білімділік деңгейін анықтау мақсатында «ШТУР»
— кәсіби таңдауын анықтау мақсатында Е.А. Климовтың «ДДО-сауалнамасы»;
— танымдық қызығушылығын зерттеу мақсатында «Қызығушылық картасы»
— кәсіби мінез-құлық типін анықтау мақсатында «Дж Холланд тесті».

Мектеп психологының “қиын оқушылармен” жұмыс әдістемесі

Жалпы “қиын” жасөспірімдермен жұмыс әдістемесі нені қамтиды?
Қолдау әдістемесі – ең әуелі олардың сабаққа деген құлшынысын қолдап отыру т.б. ой-пікірлерін, ұсыныстарын қолдау.
Жеке талап қою әдістемесі – оқушының өзіне деген сенімін бекіте түсу үшін оның мүмкіндігіне қарай сабақ жүктемелерін беру.
Жеке тұлғалық қатынас әдістемесі. Өз мүмкіндігін ескере отырып, түрлі іс-әрекет түрлеріне қатыстыру арқылы дамуына ықпал ету.
Оқушының жетістігі жағдаяттарын туғызу әдістемесі. Бұл арқылы сынып ұжымында оқушының беделін, оның мектепке деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру.