«Кішкентай маймылдар» жаттығуы

«Кішкентай маймылдар» жаттығуы

 

Мақсаты: айналасындағылармен өзара жақсы, жағымды қарым – қатынас орната білуге үйрету, суреттегі ұқсастық пен айырмашылықты табумен байланысты танымдық қабілетін дамыту, кеңістікті қабылдауын, есті, зейінді аудару қабілетін, қиялын, ойлау мен сөйлеуін дамыту.

Қажетті құрал  — жабдықтар: доп, үлестірмелі материалдар, қарандаштар, өшіргіштер.

 

Сабақтың барысы

Сәлемдесу.  Балалар бірі – бірімен сәлемдесіп болған соң «Кел, шапалақтайық» ойынын ойнатуға болады.

Бұл ойын таныс емес ортада өздерін еркін сезінуіне, бір – бірін жақсы тануына септігін тигізеді. Балалар дөңгеленіп тұрады, Жүргізуші балаларға әртүрлі, тіпті әзіл сұрақтар қояды. Нақты, сеніммен жауап берген бала орнынан тұрады, ал қалған оқушылар оған шапалақтайды. Ең болмаса бала бір сұраққа жауап беруі керек. Содан кейін оқушылардың өзіне сұрақтар қойдыруға болады.

 

Сергіту сәті.      Ойын, «Кішкентай маймылдар»

         Мақсаты: кеңістікті қабылдауын, есті, зейінді дамыту.

Қатарда тұрған 6 – 8 адам белгілі бір қимылда тұра қалады. Бір бала оларға 40 – 50 секунд уақыт қарап тұрады да, белгі берілген кезде сол көргендердің бірін өзі қайтадан салып беруі керек. Өзге балалар еркін тұрады.

 

Сабақтың мазмұны

        6 – жаттығу.                                 6 – 8 жас аралығындағы балалар үшін

Мақсаты: 9 ұқсас бейнелерден ұқсастық пен айырмашылықтарын анықтау (А.З.Зак бойынша)

Балаға 15, 16  — суреттерді ұсынады. Содан кейін 9 суреттің ішінен (бірден төртке дейін) ұқсас және әртүрлі жұптарды табу тапсырылады.

8 – 10 жас аралығындағы балалар үшін

         Мақсаты: суреттегі бейнелерден екі өзгешелігі бар жұптарды анықтау.

Оқушыға 8 —  суретті көрсетеді, ол суреттің ішіндегі 1 және 4 бейнені салыстыруды ұсынады. Бұл екі бейнеде екі айырмашылық (көзқарасы мен жағасы) бар. Содан кейін бала 1 – 18 бейнелердің ішінен екі айырмашылығы бар 10 жұпты табуы қажет.

10 – 12 жасар балалар үшін

         Мақсаты: бейнелердің ішінен 2 ұқсастығы мен 2 айырмашылығы бар жұптарды анықтау.

Балаға 12 – суретті көрсетіп, 1 және 4 бейнелерді  салыстыруды ұсынады,  бұл бейнелердің 2 элементі (мұрын, күлкі) сәйкес келеді де, 2 элементі (шашы мен көзқарасы) ұқсамайды.  Осыдан кейін суреттегі бейненің ішінен екі ұқсастығы  мен екі айырмашылығы бар 10 – 15  жұп табуы керек.

 

Ойын. «Кім болған?»

Мақсаты: сөйлеуді, ойлауды, есті, қиялды, зейінді дамыту

Дөңгеленіп, шеңбер құрып отырған балаларға жүргізуші кезекпен сұрақтар қояды: «Ол бұрын кім (не?) болған?»

 

  1. Балапан (жұмыртқа)
  2. Жылқы (құлын)
  3. Сиыр (бұзау)
  4. Емен (шыбық)
  5. Балық (уылдырық)
  6. Алма ағашы (тұқым)
  7. Көбелек (дернәсіл)
  8. Нан (ұн)
  9. Шкаф (тақтай)
  10. Велосипед (темір)
  11. Көйлек (мата)
  12. Аяқ киім (былғары)
  13. Үй (кірпіш)
  14. Күшті (әлсіз)
  15. Ұстаз (оқушы)
  16. Әйел (қыз)
  17. Ит (күшік)
  18. Құс (балапан)
  19. Ешкі (лақ)

 

Сабақты пысықтау.

  1. Бүгінгі сабақта немен таныстық?
  2. Сіздерге не ұнады?
  3. Сіздерге не ұнамады?
  4. Біз бұл ойындарды не үшін ойнаймыз?

 

 

Қоштасу. Үй тапсырмасы: Өтілген тақырыпты ата – ана үйде баламен бірге қайталауға тиісті. А.З.Зактың «Познавать играя. Развитие познавательных способностей у детей 5 – 12 лет» оқулығынан 10 — сабақты орындау