Мұғалімнің  педагогикалық шеберлігін қалыптастыру» (тренинг)

 

Тақырыбы: «Мұғалімнің  педагогикалық шеберлігін қалыптастыру» (тренинг)

Тренингтің мақсаты:

— тренингтік топтың жұмыс жүргізуіне қолайлы жағдай жасау;

— тілектестік атмосферасын қалыптастыру;

— қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру, өзара тиімді әрекеттестікке кедергі келтіретін ішкі барьерлерді, ширығуларды жою;

— жас мамандардың ашылуына, өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесу;

— жас мамандар өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау;

Көрнекілігі: лента, стикерлер, теңіздің, балықтың суреті, маркер.

Тренингтің жүрісі:

  • Топқа бөлу
  • Постер қорғау
  • Сіздің қиялыңыздағы  «Болашақ мектеп»
  • Ролдік ойындар
  • Рефлекция

 

Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов: «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы» — деп бекер айтпаған. Біз үнемі өзгеріп, дамып жатқан әлемде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан уақытпен бірге қадам басу үшін жұмысты жетілдіріп, үнемі өзгеріс енгізіп, дамып, отыру қажет. Әр мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін қалыптастыра отырып, мектеп өміріне елеулі өзгерістер енгізіп, әр ұрпаққа сапалы білім беру үшін аянбай етуі керек деп ойлаймын.

Сіздерге мынадай сұрақ: «Мұғалім не үшін өзгеру керек?»

  • Топқа бөлу

Бүгінгі тренингті  бастамас бұрын алдымен топқа бөлінсек.

Барлығы ортаға шығады. Мен ортаға түрлі ленталарды айқастырып, қақ ортасына су толы ыдыс қоямын. Барлығы дөңгеленіп тұрып лентаны шетінен ұстап бәрі бірге суды төгіп алмай ыдысты лентаның көмегімен жоғары көтеруі керек. Бұл жерде мұғалімдердің ынтымақтастығы қалай болар екен, соны көреміз. Егер су төгілген жағдайда сұрақ қойылады. Мысалы, Сіздерге не жетпей қалды? Қайткенде төкпей көтере алар едіңіздер?

Болған соң сол ленталар арқылы  топқа бөлінеді.

  • Постер қорғау

А) Педагогикалық қабілеттер дегенімізді қалай түсінесіз?

Ә) Педагогикалық шеберлікті қалай жетілдіруге болады?

Б) Жаңашыл мұғалім дегенді қалай түсінесіз?

3) Сіздің  қиялыңыздағы  «Болашақ мектеп»

10 сөз беріледі. Сол бойынша «Болашақ мектепті» салады. Мұғалімдер тек сол берілген сөздерден құрастырып мектепті салады. Берілген сөздер: қалам, кітап, ұялы телефон, кеме, алма, етік, шахмат, сызғыш, құмыра, принтер.

  • Рөлдік ойындар

«Қыз Жібек» фильмі бойынша комедия жанрына, реп жанрына салып  үзінді қояды.

 

 

  • Рефлекция

Тақтаға теңіздің суреті ілінеді. Тренингке қатысушыларға балық сызбасындағы қағаз таратылады.

-Сіздер өздеріңіз  жұмыс жасап  жатқан  білім ордасын  теңіз деп аласыз. Теңіздің төмен, орта және жоғары жағы  болатыны  сияқты  сіздер сол  білім ордасында өзіңіз қай деңгейде жүрсіз, не себепті  соны  балық тәрізді қағазға жазып тақтадағы теңізге әкеліп ілесіз.

 

Қорытынды:

— Тренинг аяқталды. Бәріңізге көп-көп рахмет айтамыз. Өздеріңізбен бірге жұмыс жүргізу үлкен ғанибет. Біз бүгінгі сабақта алға қойған міндеттерімізді орындадық деп ойлаймын. Сіздерге кәсіби қызметтеріңізде табыс тілеймін! Кездескенше!