Қазақстан парламенті

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан парламенті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Қазақтан  парламентімен  таныстыру, ұғымдарын  кеңейту.

Дамытушылық: Сөздік  қорларын, дүниетанымын,  тіл байлығын,  шеберлігін, шығармашылығын  дамыту.

Тәрбиелік: Парламент туралы  оқып  білуге шақыру, өз елін, жерін  сүюге,  қадірлеуге, еңбексүйгіштікке  тәрбиелеу.

Құрал- жабдықтары: көрнекі құралдар, топпен жұмыс

Сабақтың типі: Білім,білік дағдыны қалыптастыру

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру,ой-қозғау, өзбетінше жұмыс, әңгімелеу,  баяндау,  топтастыру,  сұрақ-жауап,  жеке шығармашылық, ауызша, жазбаша, талдау, жинақтау,топтық, көрнекілік.

Оқыту технологиясы: Дамыта оқыту технологиясының  элементтерін пайдалану.

Пәнаралық  байланыс: қазақ тілі, тарих.  

Сабақ  жоспары:

  1. Ұйымдастыру  кезеңі.

а) Оқушыларды  сабаққа  даярлау

ә) Назарларын  сабаққа  аудару.

б) Ынтымақтастық атмосферасын құру «Тілек айту»

  1. Үй тапсырмасын тексеру

III.Мотивациялық  кезең.

  1. Жаңа сабақ. Стикер арқылы тақырыпты табу. Парламент

Кәмпиттер арқылы топқа бөліну. Топтың ережесін құру.

Білу.Парламент туралы білетіндерін постерге түсіру. Қорғау.

Мәтінмен жұмыс

Парламент — Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгіленеді.

Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат – жоғарғы палата, мәжіліс – төменгі палата. Сенаттың 15 адамын Республика президенті сайлайды және әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан сайланады. Барлығы 47 депутаттардан құралады. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі — алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі — бес жыл.

Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:

1) Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау;

2) Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру;

3) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру;

Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады:

1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау;

2) Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру;

3) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;

Түсіну.  1-тапсырма. карточкамен жұмыс.

…. — Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Сенаттың он бес депутатын …. тағайындайды. Ұлттық Банкінің Төрағасын, … және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын …. келісім береді. Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау — … жұмысы. … депутаттарының өкілеттік мерзімі — алты жыл.

Қолдану. 2-тапсырма. Мәтіннен етіс түрлерін теріп жазыңдар. (4) солармен сөйлем құрастырыңдар.

Белгіленеді, құралады, ескеріліп, тағайындайды.

Талдау. 3- тапсырма. Сенат пен Мәжілісті Венн диаграммасына салып салыстырыңдар.

Синтез. 4-тапсырма. «Елімнің парламенті» мазмұндама жазу.

Бағалау. Тест.

  1. Қазақстан Республикасының Парламенті қандай орган?

А) орта В) жоғарғы

С) төменгі Д) жоғарғы өкілді Е) орта өкілді

  1. Парламент неше палатадан тұрады?

А) 2 В) 6

С) 5 Д) 47 Е) 3

  1. Сенат қандай палата? Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі неше жыл?

А) орта палата, 3 жыл В) жоғарғы палата, 6 жыл

С) төменгі палата, 5 жыл Д) жоғарғы палата, 2 жыл Е) төменгі палата, 3 жыл

4.Мәжіліс қандай палата? Мәжіліс депутаттар-ының өкілеттілік мерзімі неше жыл?

А) төменгі палата, 3 жыл В) жоғарғы палата, 6 жыл

С) жоғарғы палата, 2 жыл Д) төменгі палата, 5 жыл

Е) орта палата, 3 жыл

  1. Сенаттың құрамы қанша?

А) 25 В) 15

С) 107 Д) 47

Е) 51

  1. Мәжілістің құрамы қанша?

А) 98 В) 9

С) 107 Д) 47

Е) 15

Жауабы:

1) Д жоғарғы өкілді 2) А 2

3) В жоғарғы палата, 6 жыл 4) Д төменгі палата, 5 жыл

5) Д 47 6) С 107

 

VII. Сабақты  қорытындылау.

Үйге  тапсырма: антоним сөздермен құрмалас сөйлем құрастыру, жасалу жолдарын көрсету.

VIII. Рефлексия бағалау кезеңі.