Менің Отаным — Қазақстан

 

Сынып сағатының тақырыбы: Менің Отаным — Қазақстан
Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата — бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

Көрнекілігі: Елбасы суреті,  рәміздер, қанатты сөздер, гүлдер, слайд,Бірінші сынып оқушысына Қазақстан республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан  сыйлық «Менің Отаным- Қазақстан» атты кітабы.
Әдісі: сұрақ — жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі көрнекіліктер.
Формасы: сынып сағаты
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды дөңгеле тұрғызып, өздерінің аттарын айтқызып, амандасу рәсімін ойын ретінде өткізу.( Көк түсті алақан көрсетілсе  қолмен амандасады, жасыл түсті көрсетілсе құшақтасады,қызыл түсті бәрі бірге құшақтасады.) Орындарына отырады.

-Балалар ,бүгін сендердің алғаш сынып сағаттарынның тақырыбы «Менің Отаным Қазақстан»сынып сағатымызды бастамас бұрын Қазақстан Республикасының Әнұранына орнымыздын тұрып,он қолымызды жүрегімізге қойып құрметімізді білдірейк. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.)
— Біз Қазақстанда өмір сүреміз, бұл біздің туған жеріміз, біздің Отанымыз. кең және байтақ.Баяғыда көп жылдар бұрын барлық адамдар бірге тұрып ешкандай мемлекетке,ұлтқа бөлінбейтін еді. Олар тату, бірлік қарым – қатынаста болды.  Заман өте адамдардың  тұратын мекендеріне байланысты адамдардың тілдері,тұрмыстары ,дәстүрлері бір-бірінен  ерекшлене бастады соған байланысты әр түрлі ұлттар құрыла бастады. Солай Қазақ ұлтты да құрып, қазақ хандығы құрыла бастады. Осы 2015ж   Қазақ хандығының құрылуына 550жыл толып отыр.

Қазіргі заманда қазақ ұлтының елі Қазақстан республикасы деп аталады.

Мына суреттерде  біздің еліміздің туы, елтаңбасы және ән ұран бейнеленген.

Әр бір елдің азаматтары белгілі бір заңға бағынады. Біздің еліміздің де негізгі заңы бар ол Қазақстан Республикасының Конституциясы.

  • Заң біздің елімізге не үшін керек ? қалай ойлайсындар?

Дұрыс әділ шешеімдер қабылдау үшін.  Биыл балалар біздің конституциямызға яғни заңымызға  20жыл толғалы жатыр. Заң Қазақстан елінде тұратын әр адамның құқығын қорғайды, әр адам бідің елімізде өмір сүруге, білім алуға меециналық көмек алуға құқылы. Сол себептен егер де біреу басқа адамның құқығын бұзса, сол адам заң бойынша жазаға тартылады, оны біз естен шығармауымыз керек.

Отанымыздың астансы қай қала білесіндер ме?

-Астана қаласы

-Астана біздің еліміздің бас қаласы,ол көркейіп жаңару үстінде.

Қазақстанның тағы қандай қалаларын білесіндер? Қандай қалаларында болдындар?

  • Қазақстанның үлкен, әдемі қалалары көп.Мысалы : Алматы қаласы біздің еліміздің ең ірі және жасыл қаласы. Ол білім мен мәдениет орталығы. Біздің еліміздің ғарыш айлағы :Байқоңыр орталығы онда ғарышқа зымырандар ұшырылады.

Біздің еліміздің табиғаты әр алуан.Өсімдіктерге өте бай.Көктемде жер құлпырып,қызыл ала кілемге ұқсайды.Он түстігімізбен шығысымызды биік таулар алыр жатыр.Жеріміздің көп бөлігін жазық дала алып жатыр.

— Біздің елімізде 17000000 халық өмір сүреді.Отанымызда тек қазақ ұлты өмір сүрмейді қандай тағы ұлттарды атай аласындар?

-Дұрыс, балалар біздің елімізде 130-ға жуық ұлт өмір сүреді. Адамдар көп, бірақ ешкім-ешкіммен ұрыспай тату өмір сүреді. Өйткені қазақ халқының мінезінің жақсы жағы бар біздер қонақжайлы,тату елміз. «Бірлік бар жерде-тірлік бар дегендей» біз бұл сөздерді әр дайым жадымызда ұстап жүреміз.Біздің елімізде  ұлттардың қарым-қатынастарын реттейтін ұйымның атауы «Қазақстан ұлттар достығының ассамблеясы» осы ұйымның арқасында ұлттардың арсындғы мәселелер шешіледі. Биыл Қазақстан ұлттар  достығының Ассамблеясы  ұйымына 20жыл.

Біздер осындай әдемі,бай  жерде қазақ елі болып тұрғанымызға балалар бідің ата-бабаларымызға рахмет айтуымыз керек. Ерте-ерте заманда біздің ата-бабаларымыз жаулардан жерімізді қорғап біздер үшін сақтап қалған.

Отан бізге өзінің ауасын,жерін табиғатын,суын бәрін бізге берді. Ендеше жақсылыққа –жақсылық жасап, біз Отанымызды қорғап, табиғатын аялап отыруымыз керек. Біз осындай байтақ,көрікті жасыл жерімізді, мақтан ете аламыз.

Бізідің елбасымыз Қазақстан республикасының тұнғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сендерге бірінші сынып оқушыларына арнайы жасаған кітабын сыйлық ретінде ұсынып отыр. Ол сендерге келесі сөздерді тілек ретінде жолдайды:

— Қымбатты жас дос! Сен жаңа белеске қадам бастың – мектепке келдің, оқушы болдың! Бұл сен үшін үлкен мереке. Ал мерекеде сыйлық беріледі. Бұл кітап менің саған жасаған сыйлығым!

Қазақстан- біздің Отанымыз. Өз Отаныңның  тарихы мен мәдениетін, ана тілінді білуің керек. Бұған алғашқы ұстазың мен оқулықтарың, осы кітабың  көмектеседі.

Қазақстанның болашағы жарқын. Елімізде татулық, береке болады. Бұған достарыңмен  бірге сен де өз үлесіңді қосасың.Білім әлеміне саяхатың сәтті болсын! – деп сендерге өз сенімін білдіреді. ( кітаптар оқушыларға сыйланады.)