Ізденімпаз, алғыр — Нұрдана

Өз бойымдағы білімімді барлық жақсы қасиеттерімді шәкірттеріме жиырма екі жыл бойы ерінбей беріп келемін.

Тәрбиелі,алғыр,ізденімпаз,тиянақты,зерек,тек білсем деп жаңашылдыққа ұмтылып тұратын оқушымның бірі Ақтөбе қаласының №18 орта мектебінің бірінші сынып оқушысы Сайлаубай Нұрдана Ерланқызы.

Нұрдана өте ерекше дарынды,талантты  бала. Сөздік қоры өте көп. Сурет бойынша әңгіме құрағанды жақсы көреді Ана сүтімен берілген ерекше қасиеттері бойында көптеп кездеседі.Өте пысық,алғыр,зерек,жинақы,ақылды,сүйікті шәкіртім.

Нұрдананың арманы дәрігер болу,ол үшін сабақты 5-ке оқуға тиіспін деп қояды. Сыныпта топ басшысы,өзіме көмекші санайтын оқушыларымның бірі.Топ басшысы болып ,тобын әрдайым алға жетелеп отырады. Ой ұшқырлығы,ойлау қабілеті жоғары,оқу озаты.Тазалықты жаны сүйеді,ұқыпты, тиянақты оқушы. Қоғамдық жұмыста әрдайым белсенді,жауапкершілігі өте жоғары. Мектепішілік сайыстарға белсене араласып,мақтау қағазымен марапатталды.Мінезі ашық,көпшіл, үйінің үлкені болғандықтан інісіне қамқор болуды  сезініп өсіп келеді .Нұрдананың отбасы үлгі тұтарлық жанұя. Ата-анасы үнемі баласына қолдау көрсетіп, жағдайын жасап отырады Нұрдана тенис және ағылшын тілі үйірмесіне қатысады. Сауат ашу,математика,ағылшын тілін өте жақсы көреді. Болашақта Нұрдана  еліміздің өркендеуіне үлкен үлес қосатын азаматша болатынына  сенемін.

 

Кабылтаева Шолпан Аяпбергенкызы    №18 орта мектеп