«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты көркемөнерпаздар байқауы

Сәкен:

Ассалаумағалейкум, халқым менің!

Ардақта дәстүріңді салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбек жемісіңнің бәрін жегін.

Дария: Армысыздар қадірменді қонақтар! Сіздердің назарларыңызда «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты көркемөнерпаздар байқауына арналған №4 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің концерттік бағдарламасына қош келдіңіздер!

Сәкен:

Өзіңе әркез сүйеуміз елім,

Қорғаймыз жаудан бабаның жерін

Қазақтың жері қандасым болса

Қазақтың жері — Отаным менің!

Хор «       »

Дария:

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

Ел басы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

Тәуелсіздікті елге сыйлайды,

Бибітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.

Ән «Атамекен»

Сәкен:

Мың бұралған бишілер аңдап басып,
Келді міне, ортаға толқып – тасып,
Бишілердің  сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.

Би «Серпін»

Дария:

Қазақстан тәуелсіз азат елім,

Кең байтақ, қасиетті туған жерім.

Таңдай қағып бар әлем тамсанатын ,

Құдіретіңнен айналдым асыл елім

Атыңнан айналайын қазақ деген,

Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.

Сақтапсың ерлігіңді сағың сынбай,

Көреріңді көрсең де азаппенен.

Ән «Байтақ елім»

Сәкен:

Күй ойнайды қазағымның қанында

Күй ойнайды қазағымның жанында

Жүрегіңнің, жүрегіңнің дүрсілі

Күмбірлеген домбырасы барында

Домбырадай шежіре жыр болмаған

Даламыздың тағдырларын толғаған

Армандарын – Армандарын халқымның

Аманатқып ұрпағына жолдаған

Ұлт – аспаптар оркестрінің орындауында күй

Дария:

Ұмытылған қазағымның би өнері

Қайта туып өмірге қайта келді

Мың бұралған сахнада биші қызың

Аққудай мың бұралып би билейді

Би «Аққу»

Сәкен:

Ауыр күндер артымызға тастауы,

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрғаңның бастауы.

Көрініс «            »

Дария:

Туған жер тауың түгіл төбең биік,

Анамдай бауыр басып өстім сүйіп.

Жатсаңда жарты әлемді түгел алып,

Кішкентай жүрегіме тұрсың сиып.

Ән «Туған жер»

Сәкен:

Ауылым байыпты ел жігері мол,

Болашақтың қалқаны тірегі бол.

Қазақтың қойнауы кең сар даласы,

Ұрпағаңның құдіретті бір елі бол

Вокал «Ән»

Дария:

Болған соң «Мәңгілік ел» — басты арманым,

Қуаттап, қарттар бәрін, жастар мәнін.

Елбасы жария етіп жатыр міне,

Нұрлы жол – нұрлы дәуір басталғанын.

«Көркемсөз»

Сәкен:

Нұрлы жол – нұрлы көші Нұрағаның,

Жолдаудың сездік елге ұнағанын.

Теңесіп жатсақ дәйім мықтылармен,

Тәңірден оса емес пе сұрағаным.

Дария:

Қош сау бол өмір мәнін ұққан ғалам,

Мыңды да білімімен жыққан ғалам.

Еліміздің ертеңі болашағы,

Тіке ұста еңсеңді шыққан ғалам.

дей отырып қадірменді өнер сүйер қауым концертімізді аяқтаймыз!