«Сиқырлы таяқша» психотренингі
Тақырыбы: «Сиқырлы таяқша» психотренингі
Мақсаты: оқушылардың бір-бірін түсіне білуіне ықпал ету
«Аралда»
Қажетті құралдыр: газет
Қатты теңіз толқуынан кейін кеме суға кетіп, кеменің ішіндегі жолаушылар аралдарға бөлініп топталды. Енді осы аралдарда әрбір отбасы өмір сүріп жатыр. Аралдарды бірте-бірте су басуда, енді әр отбасы осы арлдан өздерін аман алып шығулары керек.
«Үшеуіміздің суретіміз!»
Суретті бір-бірімен ақылдаспай салады. Суретті бір оқушы бастап, екінші оқушы жалғастырып, соңғысы аяқтайды.
Талдау:
- Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?
- Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма?
3.Бір-біріңізді қалай түсіндіңіз?
4.Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса неге?
Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі.
«Өтінемін» ойыны.
Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.
-Құрметті ата-аналар, балалар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?
-Рахмет, өтінемін, т,б
-Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
-секіріңдер
-оң аяқтарын көтеріңдер
-өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар
-өтінемін, бір-біріңді құшақтаңдар.
— оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар
«Сиқырлы таяқша» жаттығу.
Сиқырлы таяқшаны бір-біріңе ұсына отырып, адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді айтып шығайық
Жағымды
Жағымсыз
Мейірімділік
өтірік айту
Жан ашу
өшпенділік
Сыпайылық
Кек сақтау
даналық
Тіл алмау
- Әр жағымсыз қасиеттің өзінің жақсы жағы болады. Мысалы: сараң адам ол – үнемшіл. Төбелесу – біреуге қол ұшын бері. Енді осы жағымсыз қасиеттердің де өзіндік жақсы жақтары болады, соны айтайық.
«Тілек шамы».
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
— Біз сіздермен қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Ой-толғаныс.
-Тренингтің басталуында сіздерге бағдарлама берілді. Сол бағдарламаның артында күн, гүл, жапырақ бейнесіндегі жапсырмалар бар.