Жігіт сұлтаны

 

 

Бастауыш сынып мұғалімі:  Л.Чуренова

Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны»
Мақсаты:
1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайдтар, шарлар.
Байқауға қатысатындар: 2  сынып оқушылары
Байқаудың қонақтары: ата-аналар, оқушылар, мектеп әкімшілігі,бастауыш сынып оқушылары.

Байқау барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.
1 – жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.
2 – жүргізуші:

Асыл тастан , Өнер жастан шығады деп дарынды халық айтса ,

Халық сөзі Әрқашанда нанымды. Сол өнердің жолын қуған «Жігіт Сұлтаны»сайысына қатысатын жігіттердің жолы ақ болсын,жүлделі орынға ие болсын деп сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші

Бүгінгі сайысымызда жігіттер өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, салт-дәстүрімізді,онымен бірге өз білімдерін,шеберліктерін көрсетеді.

2-жүргізуші
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!

1 – жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар!

2 – жүргізуші:
«Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1.
2.
3.

 

 

 

 

 

 

1 – жүргізуші:
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
І бөлім «Таныстырсам өзімді.» өзін таныстыру.

ІІ бөлім «Ғажайып төрттік»(Сұрақ-жауаап)
ІІІ бөлім «Мықты болсаң жеңіп көр» (Қол күресі,шар үрлеп жару)
ІV бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы.
V бөлім «Шебердің қолы ортақ» (үй тапсырмасы)

2 – жүргізуші:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, — дей отырып «Жігіт сұлтаны» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.

1 – жүргізуші:
Ақыл – көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршыңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді – деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі «Таныстырсам өзімді . . » деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.

2-жүргізуші
Өнер қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен сегіз жігіт кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
(Жігіттер өздерін кезекпен таныстырып өтеді)

 

1 – жүргізуші:
Таныс болдық жігіттер тегіменен
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі де ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.

Әділ қазылар алқасынан «Таныстырсам өзімді» бөлімінің балдарын сұраймыз.

 

2 – жүргізуші:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықпен білінер
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Ғажайып төрттік» сұрақ-жауап сайысы

 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

 

 

Ғажайып төрттік бөлімінің балдарын айтып өтсеңіздер

 

 

 

 

 

 

 

 

1-жүргізуші

Әй, ер жігіт, ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт.
Атыңа ерік бер, жігіт.
Күшіңді көрсет, ер жігіт! – дей отырып, сайысымыздың «Мықты болсаң жеңіп көр» деп аталатын бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде жігіттердің мықтылығын анықтау мақсатында «Қол күресі,шар үрлеу» өткізіледі.
«Мықты болсаң жеңіп көр»бөлімінің балдарын айтып өтсеңіздер

 

 

2-жүргізуші

Парасатты ер жігіт,
Ақылымен әр іс біледі.
Өнерің барда жігіттер,
Тоқталып сірә, іркілме.
Жұрт қарасын қызығып,
«Бәрекелді!» деп шіркінге, — дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» бөлімін бастаймыз.

1-жүргізуші

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,
Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты. деп жігіттердің балдарын сұраймыз

2-жүргізуші Ең соңғы бөлімі Шебердің қолы ортақ үй тапсырмасын әділ қазылар алқасына акелулеріңізді сұраймыз

 

«Шебердің қолы ортақ» бөлімінің балдарын берсеңіздер

 

1 – жүргізуші:
Осымен, «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар,парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша,

2 – жүргізуші:
Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!
Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды.

 

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.
Қазылар алқасына сөз

1  – жүргізуші:
«Жүзден – жүйрік» күшімен,
«Мыңнан – тұлпар» шықты шың
Жігіттердің ішінен шыққан Сұлтан мықтысын!
Құттықтайық ал енді

 

 

 

 

 

Сұлтан болған баланы
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуанышты жанары,
Шоқтай болып жанады.
Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады. Марапаттау:
1. Бас жүлде – «Жігіт сұлтаны»
2. «Дарынды жігіт»
3. . «Өнерпаз жігіт»
4. . «Алғыр жігіт».
5. «Шымыр жігіт».
6. . «Өнерлі жігіт»