Анашым мерекеңмен!

 

Анашым мерекеңмен!

Адиева Арайлым Бейімбетқызы

бастауыш сынып мұғалімі,

«Бостандық бастауыш жалпы білім беретін мектебі» КММ

Бостандық ауылы, Казталов ауданы

Батыс Қазақстан облысы

             Мақсаты: анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп, сыйлай білуге баулу,оқушы бойындағы қабілет пен талантын дамыту арқылы ана еңбегін қадірлеп,  құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, слайдтар, плакат, маркер, суреттер. «Анам үшін мақтанам» оқушылардың шығармашылығы т.б.

Барысы:

Мұғалім:

Наурыз күні –ана күні,

Әлемді тербендірере ана үні.

Анасыз жан туған жоқ жер бетінде

Ұғып ал, бөбектерім, сендер мұны.

Құрметті асыл әжелер, ардақты аналар, ұлағатты ұстаздар, әдемі қыздар!Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын! Құттықтауларымыз сіздерге арналмақ.

Ән: Ш. Қалдаяқов «Ана туралы жыр » әні

Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Бәрімізді қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

 

 1 оқушы  

Ел жатқанда жатпаған

Мен деп тыным таппаған

Бақыты үшін баланың

Аман сау бол ақ мамам

 

Бізді өсіріп баптаған

Жақсы болсаң шаттанған

«Алтыным» деп мақтаған

Айналайын ақ мамам

 

 

2 оқушы

Әр сөзіңді жаттағам

Жүрегімді сақтағам

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам

 

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Аналарды ардақтап

Әдеппен бас иеміз

 

3 оқушы

Келбетінде ұлылық

Даладан кең пейілді

Ана деген жылылық

Ана деген мейірім

 

Қанаттанса балапан

Қалайынша ұшпайды

Әрбір қыз,әр балақан

Анасына ұқсайды

 

4 оқушы

Бал бөбегін баптаған

Анам үшін мақтанам

Аялайтын біздерді

Көп жасасын ақ мамам

Сыйлайыншы гүлімді

Теріп алған даладан

Мейрамыңыз бүгінгі

Құтты болсын анажан

 

5 оқушы

Үн қатасың бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші наурызбен

 

6 оқушы

Жанымызды жайнатқан

Сіздерсіз ғой аналар

Зор денсаулық, мол бақыт

Тілейміз біз балалар

 

 

7 оқушы 

Шалқып, тасып әніміз

Жадырасын жанымыз

Ана сені құттықтап

Әндетеміз бәріміз

Ойын: Кім тапқыр ?

Оқушыларға  ана туралы мақал-мәтелді жалғасын тапқызу.

Аналарына  сұрақтар беру.

 

  1. Ананың көңілі балада,

……………………………….

  1. Анаңды Меккеге 3 рет арқалап барсаң да,

……………………… ………………………..

  1. Күйші ана кім?

 

  1. Ана сүтін ақтамағанды,

……………………………………….

  1. Атасыз үй батасыз,

……………………………..

  1. Халқымыздың батыр қыздары?

 

  1. Ананың құны,

……………………………

  1. Анасын сүйгеннің

………………………………….

  1. « Сұлу » деген сөздің синонимі ?
  2. Ата-ананың қадірін,

………………………………

  1. Ағайын алтау,

…………………………….

4.Әйелі көркі неде?

 

  1. Ата көрген оқ жонар,

…………………………………

2.Қыз өссе елдің көркі

……………………………

3.Адамға не қымбат?

 

1.Анасына қарап

……………………………..

2.Анаға қарап қыз  өсер

………………………………..

3.Қазақ қыздарының бұрымына тағатын әшекей?

Шығармашылық тапсырма

Сөйлемдерді аяқтап өлең құрастыру.

 

2 сыныпқа тапсырма

———————————————-баламыз,

——————————————— аламыз

——————————————————

——————————————-санамыз.

 

4 сыныпқа тапсырма

 

————————————-күлеміз

———————————-жүреміз

——————————————

———————————-сүреміз.

 

Ән: « Анашым » 1 сынып

« Анам үшін мақтанам »

/ өз аналары жайында жазылған оқушылардың шығармалары оқылады. /

 

Нұрберген: Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар

 

Дархан: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай тіл қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің

 

Айым : Бәрімізге анасың

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын, анашым!

Айым: Менің әжем, гүл әжем,

Ана бақыт, ана күн.

Анам үшін, мен үшін,

Нағыз ана жан әжем

«Балапаным » дейді әжем

«Балақаным » дейді әжем

Ұзақ күнге бүкшеңдеп,

Біздің қамды жейді әжем.

 

Ұлмекен : Бәрімізге анасын

Біз үшін күн боп жанасын

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым.

Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Балаларды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

 

Хор:  «Анашым мерекеңмен!»