Бөлме өсімдіктері

Пән:Жаратылыстану

Сынып: 5                                           

Тақырыбы: Бөлме өсімдіктері.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды бөлме өсімдіктердің түрлерімен, өасиеттерімен білімін жетілдіру.

Дамытушылық: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Бөлме өсімдіктері, әртұрлі өсімдікке арналған суреттер

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдәсі: баяндау, көрнекілік.

Сабақтың жоспары:

1 кезең-ұйымдастыру.      

2 кезең— үй тапсырмасын сұрау.          

3 кезең— жаңа тақырыпты меңгерту    

4 кезең-бекіту.             

5 кезең— бағалау

6 кезең—  үйге тапсырма беру.

 

 

Сабақ барысы:

 

Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті
1 Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады. Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады.
2 Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау.

1.Төменгі сатылы өсімдіктерді ата.

2.Жоғарғы сатылы өсімдіктерді ата

3.Табиғатта және адам өмірінде өсімдіктердің қандай маңызы бар?

4.Флора деп нені атаймыз?

Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға қыскаша жауап береді.

 

3  

Өсімдіктен бөлмеге таза ауа мен хош иіс, оның ішкі жабдықталуына өзіндік жарасымдылық, әдемілік және үйлесімділік береді.

Үй ішінде өсімдіктер өсіру жылдық мауымдр ауысып отыратын елдерден шықты.

Бөлме өсімдіктерінің өсуі, гүлдеуі үшін табиғи жағдайда өскен ортасына сай болатындай етіп, қолайлы жағдай жасау керек. Ол үшін қажетті мөлшердегі жарық, ауа, топырақтың ылғалдығы және температуралыщ режим қатты керек.

Бөлме өсімдіктері жарық сүйгіш, жылу сүйгіш,көлеңкеге бейім өсімдіктер болып бөлінеді.Жарық сүйгіш өсімдіктерді бөлменің жарығы мол түсетін жерлеріне орналастыру керек.Егер терезенің алдына қойсаңдар әйнекке тимеуі керек.

Көлеңке бейім өсімдіктерді мүмкіншілігінше жарық көзі көп түсетін терезеждан алыста орналастыру керек.

Жылу сүйетін өсімдікердіктерді терезінің алдына қоюға болмайды.

Осы ережелерді орындар отырсаңлар, бөлмелердегі гүлдерді жайқалып өсіп, көңіл күйіңізді де жақсы болуына септінін тигізеді.

 

Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап, керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады.

 

4 Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі сұрақтарды қояды.

1.Адамдар бөлмеде гүлді не үшін өсіреді?

2.Гүлге қандай күтім қажет?

Медицинада дәрілік өсімдіктердің пайдаланылуы және олардан қандай препараттар дайындайды?

Одан кейін тақтаға сұрақтар жазылады, сол сұрақтарға оқушылар жауап беруі тиіс.

Әр оқушының жауаптарына, белсенділігіне қарай талдап бағалау.

 

5 Әр оқушының жауаптарына, белсенділігіне қарай талдап бағалау

 

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктеріне баға қойғызады
6. §47оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру.  Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.