Іс-әрекеттіегі зерттеуді жоспарлау

 Іс-әрекеттіегі зерттеуді жоспарлау

Жоспарлау кезеңі іс-әрекеттегі зерттеу үдерісінде аса маңызды болып табылады. Бұл кезеңде шешімі ізделетін тәжірбиелік проблема айқындалады.

Іс-әрекеттегі зерттеуді мұғалімді толғандыратын кәсіби тәжірбиеге қатысты мәселелерді анықтап, соларды зерттеуден бастауға болады (Макнифф және Уайтхед, 2006) ал содан соң оқу-тәрбие үдерісінің басқа да салаларын зерттеуге көшуге болады (Хаббард және Пауэр,1999) Мәселен, бастапқы деңгейде  сабақта оқушылардың қайсысы және неліктен ауызша сұрақтарға жауап бермейді, оқушылардың қайсысы және неліктен үй жұмысын орындай алмайды және т.б. сияқты сұрақтар болуы мүмкін.

Іс-әрекетті жоспарлау екі сабаққа берілген. Бірінші сабақта іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлау: проблеманы анықтау, зерттеу сұрағын анықтау, тұжырымдау болса, 2-сабақта әдебиетке шолу жасауға арналған.

Бірінші сабағымыздың мақсаты: Тыңдаушылар іс-әрекеттегі зерттеуге негіз болатын проблеманы және зерттеу сұрағын анықтау. Сабағымыз тыңдаушыларды бүгінгі күннің мақсатымен таныстырудан басталады. Ары қарай іс-әрекеттегі зерттеу үдерісіне шолу жасаумен жалғасады. Тыңдаушылар «іс-ірекеттегі зерттеу үдерісіне шолу: 1-қадам: Сұрақ» (үлестірме материалы 121 бет) -пен тапсырмаларды орындайды. Топпен талқылап, ортада қорғайды. Берілетін сұрақтар:

-Мұғалімдер іс-әрекеттегі зерттеудің негізгі бағытын қалай анықтайды?

-Іс-әрекеттегі зерттеудің мұқият өзгерілуін мұғалімдер қалай қамтамасыз етеді?

(Іс-әрекеттегі зерттеу жоспарының сапасын бақылау парағы )

-Мұғалімдер іс-әрекеттегі зерттеудің қандай түрлерін жүргізе алады?

Тренер проблеманы анықтаудың түрлі тәсілдері болатынын «Проблеманы анықтау тәсілдері» жаттығуын орындата отырып түсіндіреді. Келесіде тыңдаушылар екі-екіден жұптасып «Тұжырым өзегі» үлестірме материалына (үлестірме 123 б) сөйлемдерді толықтырып жазу арқылы өздерінің проблемаларын анықтайды. Әдістемелік құрал ретінде З.Идиришов, С.Ултанбаеваның «практическое руководства по проведению Исследованя в действий» ұсынылады.

Анықталған проблеманың негізінде тыңдаушылар зерттеу сұрағын тұжырымдау мақсатында «Тұжырымдалған үшбұрыш тәсілі» және сыншы доспен бірге «Зерттеу сұрағын тұжырымдау» парақтарында проблеманы анықтайды. Өз тәжірбиелерінде кездесетін проблемаларын «Идеал» әдісіне салып, әркім сұрақтары және тұжырымдарымен бөліседі.

Тыңдаушылар «Жоспарлау» кезеңін оқып сыни сараптамалық жазба жасайды. Талқылау барысында «Мадақтау сэндвичі» әдісімен тыңдаушылар тренер мен әріптестерінің «-Не ұнады?, -Не нәрсені жақсарту керек?» сұрақтары негізінде қалыптастырушы бағалауын, пікірін алады.

1-сабақтың соңында «Ал ең соңында айтарым» рефлексиясы өтіледі. Тыңдаушыларға сұрақтар жазылған парақ таратылады. Өз ойларын ашық жазу ескертіледі. Зерттеудің мақсатын тарылтып нақтылау мұғалімге оқыту мен оқу тәжірбиесіне өзгеріс енгізуде пайдалана алатын, жүзеге асыруға болатын зерттеу сұрағын құруға мүмкіндік береді. Қорытындысында: «Егер мен сұрақтарды қалай талдау керектігін мұқият үйретсем, оқушыларым айғақтарды дұрыс құрастыруды үйрене ала ма?» түрінде қалыптасады. Келесі кезең оқушыларға кешенді сұрақтарды қалай талдау керектігіне көмектесу үшін мұғалім ретінде өз әдістемесін қалай өзгертуді жоспарлап, жинақталған деректерді қалай тыңдайтынын анықтауды көздейді.

2-сабағымыз «Екі қолды тең ұстайық» тренингімен басталады. Тренер хабарлаған қадамдар бойынша тапсырманы орындап, салынған сызбалардың ұқсастығына қарай 5 топқа бөлінеді. Топ болып сұрақты талдап, жауабын тұжырымдап, іс шараларды жоспарлайды. Сұрақтар:

  1. Әдебиетке шолу үшін не қажет? Жалпы топ болып сұрақты талқылап, жауабын тұжырымдайды.
  2. Атқарылатын іс-шараларды жоспарлау. Жоспарлау кезеңінде іс-әрекеттегі зерттеуге кім, не, қалай, қашан тартылатыны пысықталады.
  3. Мұғалімдер қолданылатын материалды, жұмсалатын уақытты және игеруге тиісті тәжірбиені ойластырады, сондай — ақ табыс критерийлері туралы шешім қабылдайды, яғни мұғалім сынаған әдісінің тиімді болғанын қалай біледі және нәтижені қалай өлшейді, бағалайды.

Сұрақтарды талқылау үшін «Тікелей радиоэфир» әдісін пайдаланамыз. «Жоспар әзірлеу » сызбасын талқылау өтіледі. Жұмыс алгоритимі беріледі. Тыңдаушы, сыншы дос, тренер, бағалаушы-эксперт өз рөлдеріне еніп, сөйлейді.

Келесіде «Дана үкі» әдісімен «Үш баған» жаттығуын орындайды. Бағандарды толтырып, тренер тарапынан берілген ұсыныстар бойынша өңдеп, толықтырады.

Тыңдаушыларға рефлексияға арналған сұрақтар парағы беріледі. Парақты толтырып, аудиторияның қалаған жеріне іледі. Еркін қозғалыста аралап жүріп, танысады да, түсінікті, үздік деп таныған жұмысқа жұлдызша жапсырады. Кері байланыс береді.

а) Соңғы сабақтағы жаттығу сізге өз іс-әрекеттегі зерттеуіңізді жоспарлауға қалай көмектесе алады?

ә) Зерттеу сұрағын тұжырымдау қиын ба?

б) Зертеуіңізде кең мәселелерді қамтымай, барынша нақты бір мәселені таңдау үшін не істейсіз?

в) Зерттеу жүргізер алдында осы тақырыптағы әдебиетке шолу жасауды қалай ұйымдастырасыз?

Күнді қортындылаймыз. Тыңдаушылар рефлексиясы «Мен үшін бүгін….. құнды болды, себебі …» Тыңдаушылар сұрағы болса жауап береміз.

Үй тапсырмасы: Зерттеу сұрағын тұжырымдау  немесе сабақ барысында белгіленген зерттеу сұрағын алып, осы мәселеге қатысты ғылыми әдебиетпен танысу. Қажет деп тапқан дәйексөздердің, ол дәйексөз алынған кітаптың авторы мен деректерінің тізімін жасау.

 

 

Ұсыныстар:

  1. Осы жүргізілген жүйелі жұмыс жалғасын табуы тиіс
  2. Барлық мектеп мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылар жаңа оқу үдерісіне бейімделуі керек