Менің тұңғыш Президентім

Тақырыбы : Менің  тұңғыш  Президентім !

Мақсаты : 1) Жас ұрпаққа  Елбасының сан қырылы талант  иесі , құдіретті  тұлға  екенін  таныту .

2)Елімізге еңсе  тіктетіп , мемелекетімізді  мығымдап берген  , халқымызды әлемге  танытып  , алаш  баласының  абыройын  асқақтатып  Елбасының  кісілік  келбетін  меңгерту .

3) Елін  сүйген , елі  сүйген Елбасынан  үлгі  алуға  тәрбиелеу.

Түрі :  тәрбие  сағаты

Сынып  сағатының барысы :

I  Ұйымдастыру  кезеңі :

Психологиялық  әзірлік.

1 — жүргізуші :

Армысыздар  , қадірменді  қонақтар  , құрметті  ұстаздар  мен  оқушылар !

2 — жүргізуші :

1 — желтоқсан  Тұңғыш  Президент  күніне  арналған  концерттік  бағдарламаға  қош  келдіңіздер !

1 — жүргізуші :

Бүгін  1 — ші  желтоқсан — Қазақстан  Республикасында    Тұңғыш  Президент  күні  болып  елімізде  тойланып  отыр.

2 — жүргізуші :

Мемелекетіміздегі  жоғары  лауазым  президенттік  қызмет  елдің , халықтың  үміті  мен  сенімін , бабалар  аманатын  арқалаған  ең  жауапты  , ең  қиын  міндет .

1 — жүргізуші :

Бұл  қызыметті  Отаны  мен  халқын  шын  сүйетін , ұлттық  тілі , тарихы  мен  мәдениетін  құрметтейтін  , елі  үшін  отқа  түсетін  нағыз  азамат , патриот  қана  атқара  алады .  Бұл  Елбасымыз  Нұрсұлтан   Әбішұлы  Назарбаев !

Оқушылардың  орындауында  көрініс :  «Әке  өсиеті »  Әке  — Талғат.

2 — жүргізуші :

Отан  дейміз  от  жаққан  жерімізді ,

Отан  дейміз  өсірген  елімізді .

Отан  дейміз  туған жер ,  атамекен

Биік  тау , орман , тоғай  көлімізді .

Оқушылардың  орындауында  тақпақ  қабыл  алыңыздар

1 . Оқушы

Қазақ  елі  желбіреп  көк  байрағың,

Гүлге  оранды  ауылың  мен  аймағың .

Нұрсұлтаның  биіктерге  бастады ,

Ол  көрсеткен  нұрлы  жолдан  таймаған .

2 . Оқушы

Тәуелсіздік — рухы  күшті  ғажап  күн

Артта  қалды  бодан  болған  азап  күн

Елім , жерім  қазағым  деп  тебіренем

Өйткені  мен — тәуелсізбін , азапты .

1 — жүргізуші :

Беу , Туған  жер !  Сен  ыстықсың  біздерге .

Мыңдаған  дастан  жатыр  Халқым  басқан  іздерде .

Тұнып  жатқан  тарихыңнан  көз  алмай

Даналықтың  жырын  жастар  іздер ме ?

«Келіншек»  күйі

2 — жүргізуші :

4 «А»сыныптың  орындауында  «Егеменді  Қазақстан»  әнін   қабыл  алыңыздар .

1 — жүргізуші :

Нұрсұлтан  Назарбаев — мемелекетімізді  орнатып , оны  қалыптастырып  , экономикасын  реформалау  арқылы  өзін  де , елін де  әлемге  мойындатқан  заманның  аса  дарынды  тұлғасы .  Аумалы — төкпелі  заманда  мың  өліп , мың  тірілген  қазақ  үшін  ғасыр  бойы  іздеген  мұратына  да  арманына  да  Нұрсұлтан   Әбішұлы  Назарбаевтың  тұсында  жетті .

Қыздардыың  орындауында  «Аққу»  биі

2 — жүргізуші :

Нұрсұлтан   Әбішұлы  Назарбаевтың  «Ой  бөлістім  халқыммен»  деген  жинағынан  оқушылардың  жаттаған  нақыл  сөздері .

1-оқушы:

Біз шын мәнінде Президент Назарбаевты біздің бәрімізге, ұлтына, сеніміне және саяси көзқарасына қарамастан қолайлы да еркін өмір сүруімізге барлық мүмкіндік жасап келе жатқаны үшін мақтан етеміз.

2-оқушы:

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-тәуелсіз Қазақстан.

3-оқушы:

Отанды сүю-өркениеттіліктің бірінші белгісі.

4-оқушы:

Салтанатты жарасқан қаласы бар, ұшан- теңіз байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік!

5-оқушы:

Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.

6-оқушы:

Отаны бірдің-тілегі бір, жүрегі бір.

7-оқушы:

Көп ұлтты ел болуымыз-біздің байлығымыз, мақтанышымыз.

8-оқушы:

Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.

Әлемде егемен Қазақстан бар.

Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.

 

Ең бастысы-бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар!

2 — жүргізуші :

3 «А» сыныптың  орындауында  «Көкке  өріле»  әнін  қабыл  алыңыздар

1 — жүргізуші :

Бүгінгі  Астананың  нұры  қандай !

Көгінде  желбіреген  Туы  қандай !

Еуропаның  төрінде  билік  айттық,

Көрсеттік  бейбіт  жолды  ұғынардай .

Қыздардың  орындауында  «Қазақ  елі»  әнін  қабыл  алыңыздар

2 — жүргізуші :

Сіздер өздеріңізді:

  • Дарынды
  • Шығармашыл
  • Білімді
  • Жан-жақты
  • Дара тұлға екендеріңізді көрсеттіңіздер.

Жарайсыңдар!

2 — жүргізуші :

«Осындай  тәуелсіз  еліміздің  намысын  қорғайтын  , бүгінімізді  ертеңіне  жалғайтын , қазақ  елінің  болашағы  үшін  жауап  беретін   ұрпақ  екенімізді  сезінеміз «

1 — жүргізуші :

Туымыздың   тұғыры  берік ,  еліміздің  еңсесі  биік  болсын !  Тәуелсіз   еліміздің  іргесі   мықты  болсын !  сау  болыңыздар .

“Атамекен”әні