Құс Сабақ жоспары
Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық, әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қағазбен жұмыс.
Тақырыбы: Құс.
Мақсаты: балаларға қағазды умажду арқылы құстың бейнесін жасай білуге, умаждалған қағазды белгіленген жерге дұрыс орналастыруға үйрету, ұқыпты жұмыс істей білуге дағдыландыру, құстарға қомқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қағаздар, желім, бұтақтың суреті бар қағаздар және үлгі суреттер.
Сөздік жұмыс: қағазды умаждау, үй құстары, түз құстары
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғалушылық | Педагог балалардан: «Қандай құстарды білесіңдер, аттарын атаңдаршы»,- деп сауал тастайды. Дидактикалық ойын: «Бұл қандай құс?»
Педагог суреттерді көрсетеді: балалар үй құстарын және түз құстарын атап айтады. Үлгі суретті де көрсетіп, қандай құс екенін сұрайды. – Осындай құсты жасағыларың келсе, жасап көрейік. |
Балалар үй үй құстары мен түз құстарын атап айтады.
Ойында белсенділік көрсетеді. Жасағылары келетінін айтады. |
Ұйымдастырушылық — әдістемелік |
Балаларға бұтақтардың суреті салынған қағаздар таратылады, оған құсты қалай жасау керектігін түсіндіреді:
— Қоңыр түсті, немесе басқа баланың қалауы бойынша таңдап алған қағаздың үлкен бөлігін алып, оны алақан арасына салып умаждаймыз; — Қағазды қайта жазып екі рет умаждаймыз, бұл – дайын болған құстың дене бөлігі, оны алдарыңдағы қағазға желімдейміз; — Енді екінші қағазды алып, оны да умаждаймызбұл құстың басы. Оның бір шетінен саусақпен созып тұмсыған шығарып аламыз да, дене бөлігіне біріктіріп желімдейміз. — Артқы жақ бөлігінен созып құйрығын шығарамыз; — Көзі, тұмсығын және қанаттарын фломастермен немесе қарындашпен сызыпбейнелейміз, сонда бұтақта қонып отырған құспайда болады. Педагог балалардың шығармашылықпен және өздігінен дербес әрекет етуіне жағдай жасайды. |
Құстың дене бөлігін бөлек жасап, басын бір бөлек қағазды умаждау арқылы жасап алып, оларды белгіленген орындарға желімдейді |
Рефлекциялық-түзетушілік | Ең жақсы жасалған құстар таңдалып, көрме тақтасына қойылады, сапасына қарай, қағазды умаждау сәтті шыққан жұмыстар мадақталады. | Қандай құс әдемі болғанын балалар өздері таңдайды. |
Күтілетін нәтиже:
біледі: құсты жасаудың ерекшелігін;
игереді: үй құстары мен дала құстарын ажыратуды;
менгереді: қағазды умаждау арқылы құстың бейнесін жасай білуді.