Өскелең ұрпақтың азаматтығын және әлеуметтік жауапкерлілігін қалыптастыруда ата – аналардың рөлі

Өскелең ұрпақтың азаматтығын және әлеуметтік жауапкерлілігін қалыптастыруда ата – аналардың рөлі

Қазіргі қазақстандық мектеп ауқымды әлеуметтік – мәдени реформалар мен қоғам дамуын түбегейлі жаңғырту жағдайында жұмыс істеуде. Қай елде, қай кезде болмасын, бала  тәрбиесін ерекше дамытушы да ілгері  апарушы да – балалар, яғни, бүгінгі ұрпақ – ертеңгі елдің болашағы. Мен  баяндамамның алғы сөзін шығыс  ғұламасы Әл – Фарабидің  сөзінен бастағым келеді.  «Адамға  ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген. Осыған байланысты  мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата – ананың орны ерекше. Сондай – ақ ата – аналармен өзара әрекеттестік те жұмыстың аса маңызды кезеңіне жатады. Өскелең ұрпақтың азаматтығын және әлеуметтік жауапкершілігін  қалыптастыруда ата – аналардың рөлін жандандыру бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Бала тұлғасын тәрбиелеуде отбасы мен  мектептің өзара әрекеттесуінің негізгі стратегиялық бағыттарын дайындау үшін  қоғамдық институттардың күшін біріктіру басты мақсат болып табылады. Ата – аналар қауымдастығының рөлін оқу – тәрбие процесінде арттыру қажет деп санаймыз. Білім беру ұйымдарында  және білім беру процесін басқаруда ата – аналар құқығын жүзеге асыру үшін күш – жігер салу керек.  Бүгінгі таңда бала тәрбиесінде орын алған проблемаларды шешу тек педагогикалық емес, сондай – ақ ата – аналар жұртшылығының күшін жұмылдыруды талап етеді.
Ата – аналарға бірнеше ұсыныс бергім келеді.
1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз
2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз, қолдау көрсетіңіз.
3. Бала  тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес, ортақ іс екенін ұмытпаңыз.
4. Мектеп туралы, мектепте болған жағдай туралы анық – қанығына көз жеткізбей тұрып, бөгде орындарға таратпаңыз.
5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз, өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.
6.  Мектепішілік  және сыныптағы ата – аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз.
7. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз.
8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз, оған мектепке қажетті құрал – жабдықтарын уақтылы әперіңіз.
9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке  басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз.
10. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін, күнделігін, дәптерін  қадағалап отырыңыз.
11. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз сынып жетекшісін немесе  балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.
12. Өз  мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін мерекелік іс – шараларға, байқауларға қатысыңыз.
13. Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз.
1. Сынып жетекші
2. Пән мұғалімі
3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
4. Әлеуметтік педагог
5. Мектеп директоры
№20 Алмалы орта мектебінде ата – анамен мұғалімдердің арасында тығыз байланыс орнату барысында біршама жұмыстар атқарылуда. Мектепте  308 оқушы оқып білім алады, 100 ата – ана бар. Олардың әрқайсысында 3-4 тен бала бар. Оқу жылының басында  мектеп пен ата – ана арасында келісімшарт жасалынып тығыз байланыс орнатылған.  17 сынып комплектісі бар, сынып жетекшілер тікелей қарым – қатынас, телефон, вацап арқылы ата – анамен байланыс жасайды. Мектепте өтетін әрбір іс – шараға ата – аналар белсенді қатысады. Сыныптар арасында жарыстар ұйымдастырылған.
Ауылды жерде көптеген ата – аналар жұмыссыз, сондықтан олардың уақыты жеткілікті. Кез келген уақытта мектепке келіп, сабақтарға қатысып, баласының оқуы мен тәрбиесіне кеңінен көңіл бөледі. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге әрбір ата – ана таныс, шағын ауылда барлығы көз алдымызда. Әрине, жағдайы төмен ата – аналар да бар. Бірақ  олар белсенді ата – ана болып табылады. Мектепте ата – аналарға арналған семинар, коучинг, тренингтер өтеді. Әрбір ата – ана баласы сияқты көшбасшы болуы керек деген қағиданы ескереді.
Бала тәрбиесіне бүгінгі күні өзекті мәселе екенін жиі талқылаймыз. Ауылымызда құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысқа ауыл жастары мен мұғалімдер жумылдырылған. Түнгі рейдтер ұйымдастырылып, кесте жасалған, ИДН мен тығыз  жұмыс жүргізіледі. Балалардың спортпен  шұғылдануына жағдай жасалған. Аула клубы, екі спортзал бар. Оқушылар, ауыл жастары әр түрлі спорт жарыстарына қатысып, белсенділік пен қызығушылық танытады. Мектебімізде 9 адамнан тұратын ата – аналар қауымдастығы құрылған. Мектеп әкімшілігі жылына екі рет  есеп береді.
Суицидтің алдын – алу бойынша да жыл бойы психолог пен мұғалімдер тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әр оқушының мінез – құлқына, жүріс – тұрысына мұғалім ерекше мән беріп, ауытқуы бар баламен психолог сөйлесіп, жұмыс атқарады. Кейбір ата – аналар баласының бойындағы өзгерістерді де байқамайтын кезі болады. Үйінен ренжіп келген баланың көңіл күйіне мұғалімдер мән беріп, әр сабақта жағымды психологиялық ахуал туғызып, баланың көңіл – күйінің көтерілуіне мұғалімдер ықпал етеді. Кейінгі кезде ата – аналар бар жауапкершілікті мұғалімдерге артып қойғандай дейміз. Елбасы өз жолдауында «Мұғалім мәртебесін көтеруге» басты көңіл бөліп отыр. Мұғалімдер де әр түрлі қоғамдық жұмыстардан босатылып, оқу – тәрбие процесіне басты көңіл бөледі деген сенімдеміз. Ата – аналар да мұғалімдермен өзара әрекеттесіп, өзара күш біріктірудің арқасында нәтижелі жұмыс болады деген ойдамыз.
В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар  аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш – жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін » — дейді.
Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторымен жасайды. Бүгінгі жиынымыздан біз төмендегідей нәтижелер күтеміз.
Білім беру процесінде педагогтың және ата – аналардың білім алу сұранысы мен ұстанымдарын жасау.
Отбасы мен мектеп арасында тиімді  ынтымақтастықты дамыту.
Отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуінің бағдарламаларынын жүзеге асыруы.
Ата – аналардың үніне құлақ асу, педагог мәртебесін арттыру.