Менің кәсіби ұстанымым Эссе

Психолог мамандығы маған тек кәсіп пен жұмыс қана емес, өз-өзімді жетілдірудің қозғаушы күші дер едім. Олай дейтінім, қоршаған ортада өзіңді дұрыс ұстай білуің, отбасындағы қарым-қатынасың, кішілерге қамқорлық танытуың, кез-келген кісінің бойынан өзгерісті байқап қою, кәсіби қажеттіліктен туындайтын әрекет. «Адамның жанын түсіне білу, оны зерттей білу» — үлкен өнер деп З. Фрейд айтқандай, жүрек қалауымен психолог мамандығын таңдап, шәкірттерімнің қоғамдағы өз орнын дәл табуына көмегім тиіп жатса, менің арман мақсатымның орындалғаны. Осы бір жауапкершілік маған жалықпастан ізденіп, тынбай еңбек етуіне қанағаттандырады, шабыт беріп, жұмысқа деген құлшынысымды арттырады.

Адам өмірі өзінше бір әлем… Небір сәттерде күш – жүгеріңді сынайтын, мойымай ерік күшіңді таразылайтын кезде мықты да төзімді, шыдамды, ақылды болып жеңіске жету үшін әркімге психологиялық көмек қажеттілігіне куә болып жүрміз. Сондықтан психолог маман алдына келген адамға көмек қолын созуға дайын тұруы керек деп ойлаймын. Демек алдымен өзімді танысам өзгені де тани алатыныма сенімім зор.

Адамның жаратылыс мақсаты — көріп — білу, үйренгенін басқаға үйрету. Сондықтан біз психологтар оқушыларымызды өздерінің ішкі «мендік» құпия-сырларын ашып, танып білулеріне барымызша жол көрсетіп қолдай білу керекпіз. Тамаша өмір сүру үшін, өмірдің жақсы, жағымды жақтарын саналарына сіңдіре білуіміз шарт. Адам өмірде бақытты бола алады, болуы да керек, тек оны қатты аңсауы және бақыттың кейбір дана сырларын білуі қажет.

  Бақытты өмір сүрудің мен білетін заңдылығы «Алдымен өзіңе көмектес, содан кейін басқаға көмегіңді бересің». Бұл сөзге тереңірек үңілсек «Өзіңнің жүрегіңдегі қараңғылық пен қайшылықтарды жеңе алмасаң, айналаны өзгертуге күш салмай-ақ қойғаның әбден дұрыс болады». Осы ережені шындыққа айналдырып тәрбие ісіне қолдансақ,- деймін. Бақытты әрі еркін адам, жүрген жерінде бақыт пен берекенің дәнін сеуіп жүреді. Егер маған «Сіз қай кезде бақытты болдыңыз?» десе, мен былай жауап берер едім. «Мен әр атқан таңда бақыттымын, әр жарық күн, әр бір жаңадан қызарып атқан таң мен үшін бақыт дер едім. Мен өткен күндерімнің бәрін жақсы көремін, бірақ-та әр жаңадан атқан таңымды одан-да артық сүйемін. Айналаңдағы қоршағандардың бәрін сүй, сүйе білу керек. Әр ауылдың адамы біледі «Құдықтан суды алған сайын, оның суы тазара түседі». Өмірдің ғажабы — жүрек сезіміңнің жан толықтығы, қоршаған адамдарың сені іздеп сенің болғаныңды тілеп, әрқашан жанында жүргеніңді қалап тұрса. Осының өзі бақыт,-дер едім.

Ендеше, болашақ жастарымыздың бақытының баянды, жандарының  жайлылығы біздерге ғана байланысты екенін естен шығармайық.

Әріптестеріме, оқушыларыма айтарым өмірлеріңді құр өкпемен, қызғаныш, қайғымен өткізбеңіздер. Егер сіздің, проблемаларыңыз көбейсе жауабын өзіңізден іздеңіз. Бұл өмірде шешілмейтін мәселе жоқ. Шешілмейтін – тек «өмір»,- дегім келеді.

Менің кәсіби ұстанымым «Қоршаған адамдарға көмек беріп олардың да, өзімнің де, жақсы жаққа өзгеруіне жол ашу. Өйткені өзің өзгермесең басқаны да, өзгерте алмайсың. Адам құйып қойған қалып емес, ол уақыт өткен сайын, өзгеріп кемелденіп тұруы керек».

Өмірлік бағдарым «Әр кезде алдыма мақсат қойып, сол мақсатқа жету. Мақсатсыз адам, қанатсыз құспен тең. Осына оқушыларыма жеткізе алу».

Менің идеалым «Әр кезде жүрегің мейірімділік нұры шашылып және сол нұрымен адамдардың жанын жадырататын АДАМ болу.

Мен өз мамандығымды қоғамға қажеттілігін сезіне отырып, ерекше жақсы көрем және жақсы психолог  болу үшін барлық ерік –жігерімді сарп етуге әзірмін.