Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері. Леп белгісі. Көп нүкте.

9 «А» сынып.                Қазақ тілі            Күні:

Сабақ тақырыбы: Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері. Леп белгісі. Көп нүкте.

Сабақ мақсаты Күтілетін нәтиже Қолданылатын әдіс-тәсілдер Енгізілген модульдер
Сөйлем соңына леп белгісі мен көп нүктенің қойылу жағдайлары туралы түсінік. Қазақ тілінің пунктуациялық құрылымы туралы біледі. Сөйлемнің айтылу сазына қарай түрлерін қайталайды. Өзіндік ізденіс арқылы білімін бекітеді, тіл дамытады. Топтық, жұптық талқылаулар. СТО элементтері. Белсенді оқыту тәсілдері. 7 модуль
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: шаттық шеңберін құру арқылы психологиялық ахуал орнату.
Үй жұмысын тексеру: Пунктуация дегеніміз не? Сөйлем соңына қандай тыныс белгілері қойылады? Сұрау белгісі қандай жағдайда қойылады? Білу
Жаңа сабақ:

 

Миға шабуыл:

Лепті сөйлем дегеніміз не?

Оның бұйрықты сөйлемнен айырмашылығы неде?

Венн диаграммасы.

 

Сабақ критерийі:

Леп белгісі мен көп нүктенің қойылу жағдайларын білу.

Сөйлемдердің айтылу сазына қарай түрлерін ажырата алу.

 

Леп белгісінің қойылу жағдайлары туралы мәліметті зерделеуді ұсыну.

Леп белгісі қандай жағдайларда қойылады? 151-беттегі кестені сызу.

Көп нүкте қандай жағдайда қойылатынын өзіндік зерделеу.

155-беттегі кестені сызу.

 

 

Түсіну
Тапсырма.

 Леп белгісі қойыла ма? Не себепті?

Саламатсыз ба

Көп-көп алғыс

Алақай Әкем келді

Тоқтат Жә Тек отыр

Сау болыңыз

 

 

Құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар:

Сұраулы сөйлемнің құрылысына енетін, міндетті боп табылатын сұраулық шылауларды, сұрау есімдіктерін жазыңдар.

Лепті сөйлемде міндетті боп табылатын одағай сөздерді жазыңдар. Бұйрықты сөйлемде міндетті боп табылатын бұйрық райлы етістікке мысалдар жазыңдар.

 

Қолдану

 

 

 

 

 

 

Талдау

 

 

 

 

Жинақтау
Бағалау
Үйге тапсырма: 154-жаттығу.

Қайталау: есімдіктер, бұйрық райлы етістік.