«Халқым менің – салтым менің» сыныптан тыс іс-шара

«Халқым менің – салтым менің»: сыныптан тыс іс-шара

Мақсаты:

Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрі туралы түсінік бере отырып, дүниетанымын кеңейту.Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Халықтың салт-дәстүрін білуге, үлкенді құрметтеуге, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Әдістері: сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Түрі: сайыс.

Көрнекіліктер: киіз, алаша әр түрлі мақалдар  көрме, альбомдар, буклеттер, даналардан шыққан сөз, магнитофон.

Пәнаралық байланыс: ән-күй, әдебиет.

Сайыстың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу. Сынып іші көркемделіп, әсем безендірілген.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Мұғалім сабақтың мақсатын, сайыстың өту тәртібін айтып өтеді, сайысқа қатысушы топтарды таныстырады. Әділ қазылар  алқасы құрылады.

Бөлменің ішіне  киіз, алаша төсеп, оқушылар отырғызылып, хормен «Қазақ дәстүрлері» әні орындалады.

Қазақ халқында қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, ата-ананы ардақтау ізгі дәстүрге айналған. Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген әдет-ғұрыптар бар. Бұл әдет-ғұрыптар  қазақ өмірінде жазбаға түспеген заң сияқты терең тамыр тапқан. Балалар, бүгінгі сайыста қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қаншалықты білетіндеріңді көрсетіңдер.

Ортаға «Алтын сақа», «Ортеке» топтары шақырылады

Жарыстың түрлері

  1. Танысу
  2. Менің Отаным — Қазақстан
  3. Көрініс көрсету

4.Ұлттық өнер мен әдебиет

  1. Ою ойғанның ойы ұшқыр
  2. Ел тану
  3. Өнер алды — қызыл тіл
  4. «Полиглот» ойыны.

 

1) Танысу

«Ортеке» тобы

«Ортеке» — біздің атымыз.

Ойынға  шықтық жарысып

Жолдаймыз «Алтын сақаға»

Сәлемді үзеңгі қағысып.  (иіліп сәлем береді)

«Алтын сақа» тобы:

«Алтын сақа» тобымыз аталады.

Біз боламыз «Алтын сақа» қатарлары.

Қазақ тілін білейік,  үйренейік.

Арайлансын  болашақ атар таңы. (иіліп сәлем береді)

 

2) Менің Отаным — Қазақстан

 

— Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіздік алды? (16. I2.1991ж)

— Алматы қаласының іргетасы қашан қаланған? Ол қалай аталған?

(1854 ж. Верный)

— Қазақстан Республикасында қанша халық тұрады? (15 млн)

— Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қай тіл? Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды? (1989 ж.)

— Қазақстан Республикасы қай елдермен шекаралас?

(Ресей, Қытай, Монғолия, Қырғызстан, Өзбекстан)

— Қазақтың батырларын атаңдар  (Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек, Қарасай).

3) Көрініс көрсету. «Ортеке» тобы — «Тұсау кесу», «Алтын сақа» тобы — «Құда түсу» дәстүрлерін көрсетеді.

4) Ұлттық өнер мен әдебиет.

— Қазақ  халқының ең алғашқы суретшісі кім?

(Әбілхан Қастеев)

— Семейде қандай өнер ордалары бар?

(Абай атындағы  музыкалық драма театры, т.б.)

— Жерлес әншілерді атаңдар

— Күй атасы кім? (Құрманғазы)

-Оның күйлерін атаңдар

-«Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа», «Кісен ашқан», «Қайран шешем».

— Қазақтың  ұлттық  аспаптары қандай?

(Қобыз, домбыра, жетіген, саз-сырнай, алатаяқ, сыбызғы).

— Ұлт киімдерді атаңдар

(Тақия,  камзол, сәукеле, тон, кимешек т.б.)

5) Ою ойғанның ойы ұшқыр. Екі топтың  мүшелері түрлі-түсті қағаздардан ою ойып, берілген қағазға орналастырулары керек. Ойған оюларының аты аталады.

 

6) Ел тану

— Киіз үй бөлшектерін ата, олар неден жасалады?

(Шаңырақ, уық, кереге, есік, туырлық)

-Қазақтың салт-дәстүрлерін атаңдар

(шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату)

— Үйдің төрінде кім отырады?

(Құдалар, ақсақалдар, қонақтар)

— Ұлттық ойындарды атаңдар.

(қыз қуу, көкпар, бәйге, ақсүйек асық, арқан тарту);

 

— Ұлттық тағамдарды атаңдар.

(қымыз, шұбат, талқан, бауырсақ)

— Бата деген не? Оны кім береді?

(Тілек. Ақсақалдар, үлкен кісі береді).

 

7) Өнер алды — қызыл тіл. Мақал-мәтелді жалғастыр.

 

«Өлең алтын,

………………. .»

 

«Білімдіден шыққан сөз

…………………….. ».

 

«Мақал-сөздің атасы,

…………………….. ».

 

«Тіліңмен жүгірме,

…………………………».

 

«Көп ойлаған табар,

………………………….».

 

«Тіл тас жарады,

……………………….».

  1. «Полиглот» ойыны.

Жүргізуші сөздерді орыс тілінде айтады, ойыншылар  қазақ тілінде және ағылшын тілінде  аудармасын айтады. Әр топқа 10 сөзден беріледі. Үш тілде дұрыс жауап берген оқушыға 10 ұпай, бір тілде баламасын айтқан топқа 5 ұпай беріледі.

Родина                                     Время

Природа                                  Погода

Воздух                                     Солнце

Земля                                       Птица

Небо                                        Счастье

 

Әділқазылар алқасы әр топтың қорытындысын шығарады да, жеңімпаз топ аталып өтеді.

Балалар өздерің қазақтың салт-дәстүрін қаншалықты білетіндеріңді бүгінгі сайыста көрсеттіңдер. Біздің қазақ халқының салт-дәстүрлері тек бұл ғана емес,  бұдан да көп. Сол дәстүрлерді әлі де  біле түсейік. Халқын сүйген бала, салтын да сүйеді, салтын да біледі. Сондықтан халқымыздың салт-дәстүрін сақтайық. Жерімізді, байлығымызды қорғай білейік. Мәдениетімізді көркейтейік!