Эстафеталық жарыс «Кім мықты?»

Эстафеталық жарыс «Кім мықты?»

Тақырыбы: Бала денсаулығы – ұлт болашағы

Мақсаты: Балаларға жаттығуларды өз бетімен орындауға үйрету, салауатты өмір сүре білуге шақыру.Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру.Дененің ептілік, күштілік, жылдамдылық,икемділік қасиеттерін қалыптастыру.

Қажетті құрал жабдықтар: жалаушалар,таяқшалар, дорбадағы картоп,арқан, кедергілер.

Жүру барысы: Балалар музыка әуенінің сүйемелдеуімен алаңға шығып, сапқа тұрады.Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Жүргізуші:Құрметті көрермендер! «Бала денсаулығы – ұлт болашағы» атты спорттық шарамызға қош келдіңіздер! Ең -кейген кәріден бесіктегі балаға дейін салауатты өмір сүруге талаптанып,соған қоғам да,мектеп де жағдай жасап, денсау-лықты нығайтуға ат салысуымыз керек, сонда ғана егеменді еліміздің мықты азаматы болып өсеміз.

Жүргізуші: Ал,құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер! – дей отыра әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейін.

Шағын орталық әдіскері-Жанат апай.

«Балдырған» тобының тәрбиешісі – Жадыра апай.

«Айым» тобының тәрбиешісі – Жеңіскүл апай.

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды нықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреуі артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей,

Тараса бізге жарады.

Сабырлы да, салмақты

Білікті де жүректі

Сіздерге жеңіс тілейік!

Ортаға екі топты шақырамыз.Қарсы алыңыздар!

І топ: Қыран тобы.

ІІ топ:Сұңқар тобы.

Сайсымыздың бірінші кезеңі:

  1. «Кедергілерден өту»

Кедергілерден жүгіріп өтіп, жалауды айналып, таяқшаны келесі сайыскерге беру.

  1. «Картобыңды егіп кел де, жинап ал!»

Топ капитанының дорбасында картоп бар.Белгі бойынша картопты бір-бірден егу керек.Екінші сайыскер картопты дорбаға жинап алуы керек.Қай топ аяқтаса, сол жеңіске жетеді.

  1. «Есектен секіру»

Резина есекпен секіріп, жалаушадан айналып өту.

  1. «Арқан тарту»

Белгі бойынша әрбір топ арқанды өз жағына қарай тартады.Өз жағына арқанды тартып шығарған топ жеңімпаз болып танылады.

Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз аяқталып келеді.Әр топ өздерінің күштерін, ептілік пен жылдамдықтарын көрсете білді.

Құрметті көрермендер! Сөз кезегі Әділқазылар алқасын да.Сайыстың шарты бойынша қорытынды шығарып, жеңімпазды атаңыздар.

Уа,халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді,

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.

                          Эстафеталық жарыс

Тақырыбы:Шынықсаң –шымыр боларсың,

Мақсаты: Балаларға жаттығуларды өз бетімен орындауға үйрету, салауатты өмір сүре білуге шақыру.Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру.Дененің ептілік, күштілік, жылдамдылық,икемділік қасиеттерін қалыптастыру.

Қажетті құрал жабдықтар: жалаушалар,таяқшалар, дорбадағы картоп,арқан, кедергілер.

Жүру барысы: Балалар музыка әуенінің сүйемелдеуімен алаңға шығып, сапқа тұрады.Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Жүргізуші:Құрметті көрермендер! «Бала денсаулығы – ұлт болашағы» атты спорттық шарамызға қош келдіңіздер! Ең -кейген кәріден бесіктегі балаға дейін салауатты өмір сүруге талаптанып,соған қоғам да,мектеп де жағдай жасап, денсау-лықты нығайтуға ат салысуымыз керек, сонда ғана егеменді еліміздің мықты азаматы болып өсеміз.

Жүргізуші: Ал,құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер! – дей отыра әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейін.

Шағын орталық әдіскері-Жанат апай.

«Балдырған» тобының тәрбиешісі – Бибінұр.

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды нықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреуі артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей,

Тараса бізге жарады.

Сабырлы да, салмақты

Білікті де жүректі

Сіздерге жеңіс тілейік!

Ортаға екі топты шақырамыз.Қарсы алыңыздар!

І топ: Ынтымақ тобы.

ІІ топ:Бірлік тобы.

Сайысымыздың бірінші кезеңі:

  1. Эстафеталық жарыс.