Қол қимылдарының икемділігін дәлдігін, көз мөлшерін дамытуға арналған психологиялық ойын-жаттығу сабағы
Қол қимылдарының икемділігін ,дәлдігін,көз мөлшерін дамытуға арналған психологиялық ойын-жаттығу сабағы.
Өткізілген күні : 24.10.2018ж.
Өткізілген топ : «Балапан»
Мақсаты : Тәрбиеленушілердің көріп,есту арқылы қабылдауын дамыту,қиялды елестете білуге үйрету.
Міндеті : Көріп есте сақтауды дамыту.
Қажетті материалдар : лента.
- Сәлемдесу .
Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып,психолог лентаны бір саусағымен іліп алып өз есіміне жылы сөз қосып айтып,қасындағы балаға береді.Жаттығу осылай жалғаса береді.
- «Фигураларды құрастыр» жаттығуы.
Психолог балаларға есесптік таяқшаларды таратып береді.Балалар таяқшалардан геометриялық фигураларды құрастырулары қажет.Мысалы:Төрт таяқшадан шаршы ,үш таяқшадан-үшбұрыш,үй құрастыру,жалауша құрастыру т.б.
- «Достық»жаттығуы.
Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос- -екі алақанымыз өзара бірігеді.Кішкентай саусақтар біз сенімен доспыз-екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу.Бір,екі,үш…-шынашақтан бастап саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу.
Педагог – психолог Ж.Д.Рамазанова