Эмоция және сезім

Пәні:  Психология

Сабақтың тақырыбы:    Эмоция және сезім

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Эмоция және сезім  туралы жалпы түсінік беру; Эмоциялық жағдайдың түрлері мен жоғары сезімдер туралы білім беру.

2.Дамытушылық: Білім алушылардың өз эмоциялары мен сезімдерін басқара алу қабілеттерін, ақыл – ойларын дамыту.

3.Тәрбиелік: Білім алушыларды адамгершілікке, эстетикаға тәрбилеу

Сабақтың түрі:    Жаңа білім беру

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ – жауап, интербелсенді әдістер. Көрнекіліктер және техникалық  құралдар: слайд материалдары Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Білім алушылармен сәлемдесу, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Балада қиялдың дамуы

ІІІ. Жаңа сабақ

3.1. Мини лекция

      Сезiмбұл адамның қоршаған болмыс заттары жəне құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған əрқилы формада көрiнiс беретiнтолғаныс, күйзелiстерi. Адам сезiмi тiршiлiк үшiн керектi де пайдалы қасиет. Толғаныссыз өмiр — өшкен өмiр. Ұлы ғұлама Ə. Науаи «Сезiмсiз адам — кесек, махаббатсыз адам – есек», — деген екен. Көп сезiмдерге адамның өзi құштар. Егер сол сезiмдер қандай да себептермен болмай қалса, адам «эмоциялық ашырқауға» келiп, оның орнын толтыру үшiн əн-күй тыңдайды, əсерлi фильмдер көрiп не қым-қиғаш оқиғалы кiтаптар оқиды.

Эмоция” ұғымының төркені – “емовера” деген латын сөзінен, “эмоцион” дейтін француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні – тітіркендіру, толқу. Бұл – жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, каһалану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Эмоция – адамдар мен жануарлар дүниесінде де көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге шабыттандырып, тиісті нәтижелерге жеткізеді немесе көңіл-күйін жабырқатып, іс-әрекетін бейберекетсіздікке ұшыратады. Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық – күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық — әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелу жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретеді. Сөйтіп, адамның сезім күйі және оның қысқа мерзімді айқын көрінісі – эмоция – жан дүниесінің жандануы мен тіршілік ағымында айтарлықтай маңызы бар психикалық процесс. Сонымен, эмоция дегеніміз – адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер.

3.2. «Менің эмоцияларым»
Мақсаты: Өз эмоцияларын орынды, дәл жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.
Керекті құралдар: Адамның эмоциялары мен белгілі бір мүшесінің аты жазылған карточкалар, («Қайғы.Бет.», «Қуаныш. Ерін.», «Кербездік. Оң қол.», «Мақтаншақ. Арқа.», «Үрей. Аяқ.», «Таңдану. Қас.»)
Нұсқау: Алдарыңызға берген карточкалар арқылы берілген тапсырманы орыңдаңыз.
Топ сол тапсырманың шешімін табуы керек.
Талдау.
Эмоция дегенді қалай түсінесің?
Адам өміріндегі эмоцияның ролі қандай?
Олар қашан көрінеді?

3.3. ІІ. Жаттығу: «Менің бет — әлпетім».
Мақсаты: өз сезімдері туралы ойланып, басқалармен бөлісуге үйрету.
Құрал: суреттер бланкісі және маркерлер.
Психолог: «Қазір мен адам беті бейнеленген қағаздар үйлестіремін. Нұсқауға орай суретті толықтырыңыз. (Төрт бланкіде эмоциялар бейнеленген: 1. Мен бақыттымын. 2. Маған көңілді. 3. Мен ашулымын. 4. Маған қорқынышты). Енді сізде не шыққаны жөнінде әңгімелейміз.
Талдау:
Мұндай бет — әлпет сенде қай уақытта болады?
Сенің көңіл — күйіңнің жоқтығын айналадағылар қалай біледі?
Сен өз қайғыларыңды қалай көтерер едің?
Өз сезімдеріңді қоршаған ортаға көрсетесің бе, әлде ішке ұстайсың ба?».

3.4. «Кім өзін жақсы мақтайды немесе «Сәтсіз күндерге» ескертпе»
Мақсаты: Өзі туралы жағымды ішкі диалог жүргізу дағдысын дамыту,өзіндік талдауды дамыту.
Нұсқау: Әрбіреуімізде керексіздік, бос өмірсүріп жүргендей сезім, қолыңнан ештеңе келмейтін сезімдер кездеседі. Мұндай кездері қуаныштар, қабілеттер, сезімдер жеткен жетістіктер мен жеңістер ұмытылып кетеді. Барлығымызда мақтан тұтарлық бір болсада ісіміз бар ғой
«Менің ең жақсы қасиеттерім» ескертпе бланкісі
Менің ең жақсы сапаларым Менің қабілеттерім мен дарыным Менің жетістіктерім
Талдау. Сіз бұл жаттығудан не алдыңыз?

3.5. Тест орындау. «Көңіл — күйді анықтау».
Мақсаты: әртүрлі жағымсыз қылықтарға бейімділігін анықтау.

3.6. Эссе.  «Эмоция және сезімдер менің өмірімде» эссе.

ІҮ.  Сабақты бекіту.

«Біздің топтың жүрегі» жаттығуы.

5.1 Сабақты қорыту. Рефлексия

5.2 Баға қою

ҮІ. Үй тапсырмасы: Слайд жасау