Мен өз Отанымның патриотымын

Сынып сағаты «Мен өз Отанымның патриотымын»
Мақсаты:
1.Қазақ  халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы
Назарбаевтың  өмір  жолы,туып-өскен,оқып  білім  алған ,қызмет
еткен жерлері   туралы  мағлұмат  беру;
2.Елбасының  өмір жолынан үлгі  ала  отырып, Отанын , халқын
сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық  сезімге
тәрбиелеу;
3.Шәкірт  жүрегінде  елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін
ояту,құрметтеу.
Көрнекілігі:слайдтар  көрсету,үнтаспа, шарлар,суреттер,буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент».
Біздің Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев
Әнұран орындалады.
Мұғалім:-  Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді  азаматтары, ұлдары мен  қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы Еңселеткен Елорда» атты  тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Мұғалім:-  Осы Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
— Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы.

—  Иә мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері әрине дамыды, экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да. Барлығы, елбасымыздың саясатының негізінде емес пе?
Мұғалім:-  Иә, дұрыс айтасыңдар, бірақ сол тәуелсіздікке де оңай жете қоймадық қой. Қаншама бабаларымыз, аталарымыз, Қайрат пен Ерболдай ағаларамыз, Ләззаттай әпкелеріміз  тәуелсіздік жолында құрбан болды. Ендеше 1986 жылы 16 желтоқсан күніне арналған Мұхтар Шахановтың Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы» өлеңін тыңдайық.
Мұғалім:-  Тәуелсіздіктің қайта оралғаны — біздің ата-бабаларымыздың санғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы.деп  Н.Ә.Назарбаев айтқандай тәуелсіздік қазақ елінің аңсаған арманы қол жеткен мұраты.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.

Елбасымыз жайлы ақпарат:

—  Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

         Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін.  Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.

         Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.

         Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті.  Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.

Туған жердің жайқалған алқабы егін,
Биік сенің мәртебең, дарқан елім.
Пейіліндей қазақтың байтақ далам,
Сен не деген кең едің, шалқар едің.
Ашық аспан жайнаған жұлдыздары,
Тұр асқақтап Алатау шың-құздары.
Анасындай туған ел қамқор болып,
Тербетеді құшақтап ұл-қыздарын
Әсем сазы басталған таза ағыстан,
Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.
Қадамы нық ӘЛЕМДЕ , аты айқын
Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН.
Слайд көрсету.

Мұғалім:-  Халықтың мұңы мұңдайтынын да,халықтың жыры жырлар  жыр,
Көкірегіңде көнермей әлі өткен де  кеткен жылдаржыр,
Соңына  ердік сол ғана бізді жеткізеді  деп бақытқа,
Бақытқа  баста  байтақ  еліңді,бақытсыздықтан құр қалдыр.
— Оқушылар, сендерге тапсырма эссе жазу. «Егер де мен Президент болсам..»

(жазылған ойлар оқылады).

Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән: «Атамекен»  

 Мұғалімнің сөзі:
— Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.
— Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында.