Мейірімділік-асыл қасиет

 

Тақырыбы:   Мейірімділік-асыл қасиет

Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық», «құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: 
— мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
— өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту;
— мейірбандылыққа тәрбиелеу;
Көрнекі –құралдар: слайд, видео, тастар, суреттер

Шаттық шеңбері: Ұнаған тастарын таңдап алу.

Қызыл-адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Кез-келген қиындыққа шыдайды, күрескер, батыл адамдар.

Сары-жеңілдік пен қуанышты, нұр сәулені білдіреді.Өзгерісті жиі қалап тұрады.Сары түске тұрақсыздық тән.

Жасыл-Еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, өзімшілдікті «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді.Айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікір күтетін адамдар.

Көк-  аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді.
Әр топқа мозайка беру. Шыққан сөздерді оқу. Осы сөздерді естігенде ойларыңа не келеді?

-Осы сөздерді бір сөзбен қалай алмастырып айтуға болады?

-Дұрыс айтасыңдар! Олай болса бүгінгі біздің сынып сағатымыздың  тақырыбы: «Мейірімділік –асыл қасиет» -деп аталады.

Мейірімділік дегеніміз не екен?-

Слайдтан оқу.Мейірімділік-адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі.Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық пен кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді.

Тыныштық сәті
Балалар, мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәтін ұйымдастырайық.
Денелерімізді түзу ұстаймыз, бастарымызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін

 

тыныстаңдар, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңдер. Тұла бойларыңа махаббат, жақсылық сезімі толып жатыр соны сезінеміз.

Келесі тапсырма. Т кестесі бойынша бірінші бағанға мейірімді істерді, ал екінші бағанға мейірімді адамның қасиеттерін тізіп жазасыңдар.Енді жазған мейірімді істеріңді үнемі орындап отыру үшін «Жағымды сөздер сандығы» бар сол сандыққа дауыстап айтып түрып салу.

Тақтаға назар аудару. «Шегенің ізі» Әңгімені дұрыс тыңдау. Мәтінді аяқтау.Смайлик арқылы бағалау.

Топтық жұмыс. Сурет бойынша мейірімділік туралы әңгіме құрастыру.

Жүректен- жүрекке
Балалар шеңбер құрып тұрады. кезегімен мынадай сөздермен айтып жеткізеді
Ойын «Мейірімділік жібі»
— Енді біз « Мейірімділік жібі » деген ойынымызды бастаймыз.
Шарты: Сендер дөңгелене жайғасып отырыңдар. Мен мына қолымдағы жіп орамын қасымда отырғанға беремін, жәй бермеймін, Кімнің немесе ненің мейірімді екендігін айтып беремін. Ал сендер болса, дәл осылай келесі балаға бересіңдер.
(Балалар бір-бірлеріне жіпті беріп, тілектер айтады. Ақырғы бала жіп орамын тәрбиешіге беріп,өз тілегін айтады)

— Күлімдеген- күн мейірімді!
— Кіршіксіз ақ қар мейірімді
— Таза мөлдір су – мейірімді!
— Бәрімізіді көтеріп тұрған жер мейірімді!
— Аяулы анам мейірімді!
— Қадірлі әкем мейірімді!
— Әлпештеген әжем мейірімді!
— Еркелеткен атам мейірімді!
— Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
— Тату-тәтті достарым мейірімді!
— Егіні мол жер мейірімді!
— Қамқор апам мен ағам мейірімді!
-Балалар кәнекей, қолымызды жоғары көтерейік. Жіп орамы арқылы біз тілегіміз бір болып, бір тұтас болғанын көріп отырмыз. Біз әрқашанда

 

біргеміз. Жақсы істер жасауға дайынбыз.
«- Мейірімді анама ұзақ ғұмыр тілеймін.
— Кең пейіл далама тыныштық тілеймін.
— Өнерлі балаларға талмас қанат тілеймін.
— Талапты достарыма табыс тілеймін.
— Сыныптастарыма амандық тілеймін.
— Отбасыма бақыт тілеймін.

Ал енді сабағымызды ең мейірімді жан туралы әнмен аяқтайық